AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жыл басынан бері 170 әйел дағдарыс орталы...

Алматыда жыл басынан бері 170 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілген

Заң мен тəртіп 10.04.2023, 11:38 1,065
Алматыда жыл басынан бері 170 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілген
Сурет: Qazaly.kz

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты профилактикалық іс-шаралардың негізгілерінің бірі – профилактикалық есепке алу және жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу.


2023 жылдың 3 айында 2043 адам профилактикалық есепке алынды, 1810 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды, 233 құқық бұзушыға ерекше мінез-құлық талаптары белгіленді. 65 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Талдау көрсеткендей, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстар отбасылық жанжалдардан, түсініспеушіліктерден, жұбайының жұмыссыздығынан, алкогольді ішімдік ішуінен, мүлікті бөлуден, туыстарының отбасылық өмірге араласуынан, қызғаныштан, сондай-ақ қиындықтарды жеңу дағдылары, агрессорға шамадан тыс тәуелділік салдарынан туындайды. Сонымен қатар отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер жасырын сипатқа ие, бұл шынайы көріністі толығымен құруды қиындатады. Полиция қызметкерлері әртүрлі меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдардың, оқу орындарының ұжымдарымен кездесулер, сондай-ақ халықпен жиындар өткізіп, онда заңнаманы түсіндіріп, зорлық-зомбылыққа төзбеушілікпен қарау қажеттілігін айтуда. Бұл оң нәтиже беріп, зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершіліктің бар екенін ескертеді», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Ақбота Әбілқасымова.



Сондай-ақ спикер криминогендік жағдайды жақсарту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Тұрмыс”, “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ”, “Бақытты отбасы”, “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” алдын алу іс-шаралары тұрақты негізде өткізіліп жатқанын атап өтті. ӘЗҚБ инспекторлары қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер жүгінген кезде олардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету шараларын қолданады. Жыл басынан бері Алматыдағы дағдарыс орталықтарына үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен 170 әйел жіберілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дағдарыс орталықтары #әйелдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);