AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жүргізуші куәлігіне емтиханды қайда тапсы...

Алматыда жүргізуші куәлігіне емтиханды қайда тапсыруға болады?

Әлеумет 17.02.2022, 06:03 1,814
Алматыда жүргізуші куәлігіне емтиханды қайда тапсыруға болады?
Inform.kz

Алматы тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін АвтоХҚО-ға (халыққа қызмет көрсету орталығы) тым ерте баруда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы халыққа қызмет көрсету орталығының мәліметінше, қазіргі таңда Алматыда жүргізуші куәлігін алуға арналған емтихан жалғыз авто ХҚО-да тапсырылады.



«Алматыда барлық ХҚО-лар мен автоХҚО-лар сағат 9.00-18.00 аралығында жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі - демалыс күндері. Дегенмен, таңнан келіп, далада кезек алып тұратын адамдардың жүктемесін азайту үшін автоХҚО жұмысын сағат 8.00-ден бастайды», - деді Алматы ХҚО баспасөз қызметінде.



Айту керек, бүгінде Алматыда көлік иелері жүргізуші куәлігін ауыстырып, көліктерін қайта тіркей алатын бес мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр.



«Бұл ретте олардың екеуінде ғана практикалық емтихан тапсыруға арналған автодром бар. Олар «Саялы» және «Кемел» ықшамаудандарында», - деді Алматы ХҚО-ның өкілдері.



Бірақ, «Саялы» ықшамауданындағы автоХҚО-ның автодромы бүгінде жаңартылуда, сондықтан жүргізушілер тек «Кемел» ықшамауданында орналасқан №6 бөлімде емтихан тапсыра алады.



«Емтихан тапсырушыларды мүмкіндігінше көп қабылдауға үлгеру үшін бөлімнің жұмыс кестесі қайта қаралды. Қазір ол таңғы 9:00-ден емес, 8:00-ден бастап, 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бір күнде арнайы ХҚО шамамен емтихан тапсыратын 200-ге жуық клиентті қабылдап үлгереді»,- деп мәлімдеді ХҚО-да.



«Саялы» ықшамауданындағы уақытша жұмыс істемейтін автодромға келсек, ол шамамен ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жүргізуші #Куәлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);