ffin.kz

Алматыда жүректі емдеудің заманауи әдістері талқыланды

Алматыда жүректі емдеудің заманауи әдістері талқыланды almaty-akshamy.kz

Қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар Алматы төрінде өткен халықаралық конференцияда үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу мәселелерін талқылады.

Еліміздің, АҚШ, Түркияның және Швейцарияның кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласындағы білікті мамандар бас қосқан алқалы жиынды Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, «University Medical Center» корпоративтік қоры және Қазақстан жүрек қызметінің жеткіліксіздігі қоғамы ұйымдастырды. 

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов құттықтау сөз сөйледі.
Марат Шоранов өз сөзінде «Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі проблемасы денсаулық сақтау жүйесі мен жалпы қоғам үшін аса маңызды болып отыр. Пациенттердің осы контингентін ауруханаға жатқызудың жиілігі, өлім-жітім  санының артуы, емдеу мен оңалтуға кететін қомақты шығындар денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыртпалық әкеледі», – деп атап өтті. 

«Үдемелі жүрек қызметі жеткіліксіздігін емдеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Жаңа дәрі-дәрмектер, инновациялық технологиялар, имплантация құрылғылары пайда болды, жүрек трансплантациясы даму үстінде.  Алайда, біздің алдымызға ерте сатысында диагностика жасау, пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру, жүрек қызметі жеткіліксіздігінің болжамын жақсарту үшін жаңа жоғары технологиялық құрылғыларды енгізу сияқты маңызды мәселелер тұр», – деді Марат Едігеұлы.

КІАҒЗИ бірінші басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі – жүрек-қан тамырлары ауруларының жиі кездесетін асқынуларының бірі, сонымен қатар өмір сапасының төмендеуінің және өлім-жітім санының артуының басты себептерінің бірі. Сондықтан бүгінгі өткізіліп отырған конференция аса өзекті болып табылады. Қазақстандық және шетелдік кардиология және кардиохирургия мамандарының СЖЖ бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудегі өзара іс-қимылы мен тәжірибе алмасуы біздің пациенттеріміздің өмірін ұзартуға және өмір сапасын жақсартуға, науқастарға көмек көрсету жүйесін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Конференция аясында секциялық отырыстар өтті. Онда қатысушылар LVAD имплантациясына пациенттерді қалай іріктелетіндігін айтып, Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында имплантация жасау тәжірибесімен бөлісті (LVAD тек осы қалаларда жасалады), операциядан кейінгі кезеңнің негізгі ерекшеліктерін, амбулаториялық жағдайда пациенттерді бақылау мәселелерін, сондай-ақ LVAD имплантациясынан кейін пациенттерге күтім жасаудағы мейіргерлердің рөлі және т.б. мәселелерді талқылады. Конференция жұмысына қатысқан қатысушыларға сертификаттар берілді. 
Ертеңіне Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да пациенттерге кеңес беру, LVAD механикалық құрылғысын және Мitraclip имплантациялау операциялары бойынша шеберлік кластар өтті. 

Mitraclip – бұл операция Алматыда алғаш рет профессор Maurizio Taramasso (Цюрих, Швейцария) басшылығымен жүргізілді. Бұл – MitraСlip жүйесінің көмегімен митральды қақпақшаның эндоваскулярлық клиптеу. MitraClip – ашық хирургиялық операция жасауға болмайтын пациенттерге жүрек жұмысын жақсартудың жалғыз мүмкіндігі. Бұл аз инвазивті процедураны қолдану пациенттің қалпына келу кезеңін қысқартуға мүмкіндік береді, науқастың жағдайының жақсаруы анестезиядан шыққаннан кейін бірден сезіледі. Науқастар тез жазылады. Олардың өмір сүру сапасы едәуір жақсарады, ентігуі азаяды, жаттығуларға төзімділігі артады, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендейді. Айта кету керек, 2020 жылы MitraClip құрылғысы ең жақсы медициналық технология ретінде Рrix Galien USA (Нобель сыйлығының баламасы) сыйлығымен марапатталды. 

LVAD имплантациялау операциясы Анкара (Түркия) профессоры Umit Kervan   қатысуымен СЖЖ диагнозымен жүрек қызметі төмендеген 51 жастағы пациентке жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:54

19:06

18:48

18:05

17:55

17:50

17:40

17:22

17:10

17:04

16:46

16:38

16:18

15:51

15:23

14:55

14:45

14:18

14:11

13:38

13:12

12:58

12:49

12:41

12:17