AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жұмыспен қамту қалай қамтамасыз етіледі?

Алматыда жұмыспен қамту қалай қамтамасыз етіледі?

Әлеумет 17.10.2023, 06:08 1,140 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда жұмыспен қамту қалай қамтамасыз етіледі?
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматыда жастар мен зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамту қалай қамтамасыз етіледі?


Алматы қаласының Мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде алматылықтарға жұмысқа орналасудың қандай шаралары бар екенін, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары қолжетімді екенін айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу жүріп жатыр. Орталықта жастар мен 50 жастан асқан адамдарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді.



«Жастар үшін бүгінгі таңда жастар тәжірибесі  бағдарламасы өзекті - бұл алған мамандығы (кәсібі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Жолдаманы алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, бес жыл ішінде оқуын аяқтаған 35 жасқа дейінгі жастар ала алады. Жалақы 12 айдан аспайтын мерзімге 40 айлық есептік көрсеткішті - 138 000 теңгені құрайды,», - деп бөлісті спикер.



Сондай-ақ, 50 жастан асқан жұмыссыз адамдардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған «Күміс жас» жобасы іске асырылуда. Азаматтардың бұл санаты ұйымда 36 айдан аспайтын мерзімде жолдама алуға мүмкіндігі бар. Жалақы ішінара субсидияланады, яғни жұмыс беруші мен мемлекет  жалақыны белгілейді:



- жұмыстың бірінші жылы (1 айдан 12 айға дейін) - белгіленген жалақы мөлшерінің 70 % -ын төлейді, бірақ 30 АЕК-тен (103 5000 теңге)аспайды;
- жұмыстың екінші жылы (13 айдан 24 айға дейін) - жалақының белгіленген мөлшерінің 65% - ын төлейді, бірақ 30 АЕК-тен (103 5000 теңге)аспайды;
- жұмыстың үшінші жылы (25 айдан 36 айға дейін) - жалақының белгіленген мөлшерінің 60% -ын төлейді, бірақ 30 АЕК-тен (103 5000 теңге) аспайды.



Сондай-ақ, спикер жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға шағын несие беру бағдарламасы қарастырылғанын еске салды. Қарыз 5 млн.теңгеге дейінгі сомаға, 5 жылға дейінгі мерзімге, жылдық 2,5% - бен беріледі.



«Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде республиканың бүкіл аумағы бойынша жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз етілмеген жағдайда кепіл берушіні (ата - аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады», - деп бөлісті Ә. Жаңабаев.



Микрокредиттер мыналарды қоспағанда, кез келген мақсаттарға беріледі:



-тұрғын үй сатып алу, құрылыс немесе  жылжымайтын мүлікті  жөндеу (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
- бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
- ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
- темекі және / (немесе) алкоголь өнімдерін сатып алу;
- кредиторлық берешекті өтеу;
- бизнесті жүргізумен байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттар.


«Микрокредит беру туралы шешімді Алматы қаласы әкімдігінің жанынан құрылған комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер комиссия отырысында өздерінің бизнес-жобаларын  таныстырады, олар өз кезегінде бизнес-жобаларды бағалап және олардың ішінен неғұрлым басымдығы жоғарысын таңдап алады», - деп толықтырды спикер. 



Бұл ретте жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең, нақты іс-қимыл жоспары болуы тиіс.


Өтінімдерді қабылдауды «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамының Сәтпаев көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан қалалық филиалы жүзеге асырады. 


Бүгінгі таңда комиссия 139 жобаны қарады, оның ішінде 113 жоба мақұлданды, оның 62-сі қаржыландырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #әлеумет #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика