Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда “Жолда қабылдау” акциясына самокат пен мо...

Алматыда “Жолда қабылдау” акциясына самокат пен мопед пайдаланушылар келді

Заң мен тəртіп 13.09.2024, 18:45 1,079
Алматыда “Жолда қабылдау” акциясына самокат пен мопед пайдаланушылар келді
Сурет: Polisia.kz

13-14 қыркүйекте Алматы қаласында полиция қызметкерлері республикалық “Жолда қабылдау”  акциясының кезекті кезеңін оффлайн режимде өткізіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Акция азаматтарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның ішінде балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу саласында консультативтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Науқанды ұйымдастырушылар түсіндіргендей, халықпен өзара іс-қимыл жергілікті полиция қызметі мен көші-қон қызметі, сондай-ақ әкімшілік полиция бойынша азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді талқылау түрінде жүзеге асырылады.

 – Акция Алматыда орташа есеппен 50 мыңнан астам адамды құрайтын мопедтер мен самокаттарды пайдаланушылар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Олардың тәртібі мен мәдениеті жалпы апаттық жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Биылғы жылдың басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен 523 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 535 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапты. Ал шаһарда самокаттардың қатысуымен 69 апат орын алған. Оның ішінде 75 адам зардап шекті, – деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда “Жолда қабылдау” мобильді полиция бекеттері келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: – Атакент ІЫО (Алматы қ., Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42). – Орталық демалыс саябағы (Алматы қаласы, Медеу ауданы, Гоголь к-сі, 1).


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жолда қабылдау #акция #самокат #Мопед
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика