Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысатын көлікт...

Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктер тексерілуде

Әлеумет 26.02.2022, 08:43 1,490
Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктер тексерілуде
Cурет: Polisia.kz

Бір айдың өзінде автобус жүргізушілерінің кінәсінен 35 жол-көлік оқиғасы орын алды


Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктер тексерілуде, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарын шаһардың жол жағдайында автобустардың техникалық жағдайына, дұрыс жұмыс істеуіне мұқият тексеру ұйымдастырылды.



«Осылайша, біз автомобиль көлігінде жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын жүргізушілердің көлік және еңбек тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану деректерін алдын алу, сондай-ақ, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатын көздеп отырмыз. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік органдардың да, азаматтық альянстың өкілдері де барынша жұмылдырылған», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек. 



Полицияда қабылданған шараларға қарамастан, автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғаларына жол беріп жатқанын атап өтті. Бір айдың өзінде автобус жүргізушілерінің кінәсінен 35 жол-көлік оқиғасы орын алды, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алған.



«Бүгінде Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысатын қалалық автокөлік кәсіпорындарының саны айтарлықтай қысқарғанын айта кеткен жөн. Алайда олардың басшылары тарапынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданбай отыр, сондай-ақ Қазақстанның басқа аймақтарынан көлік ағыны жоғары жағдайда жүруге бейімделмеген, төтенше жағдайлар туғызатын, ауыр зардаптармен жол-көлік оқиғаларын жасайтын автобус жүргізушілерін тартады. Осыған байланысты, жүргізуші құрамының көліктік тәртібін тиісті бақылауда ұстамағаны үшін 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Н. Аманбек. 



Қазіргі уақытта қала сыртындағы жолдарда, сондай-ақ қалалар мен елді мекендерде патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы артты. Профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #полиция #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика