AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / BRT-Райымбек / Алматыда жол жөндеу кезінде бүлінген жиектастар ға...

Алматыда жол жөндеу кезінде бүлінген жиектастар ғана ауыстырылады

BRT-Райымбек 28.05.2025, 11:55 656 Bakyt
Алматыда жол жөндеу кезінде бүлінген жиектастар ғана ауыстырылады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жол жөндеу жұмыстары қарсаңында қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Асан Бостанов жиектастарды ауыстыру мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

1 маусымнан бастап қалада орташа жол жөндеу жұмыстары басталады. Биыл жалпы ұзындығы 300 шақырым болатын 367 көше жөндеуден өтпек. Сонымен қатар, Райымбек батыр және Желтоқсан көшелері бойында BRT желілерін салу жалғасып жатыр.

«Жиектас мәселесіне жеке тоқталғым келеді – бұл тақырып әрдайым тұрғындарды алаңдатады. Орташа жөндеу барысында да, BRT желісін салу кезінде де жиектастарды ішінара ауыстыру қарастырылған. Бұл технологиялық тұрғыдан қажет қадам. Жалпы алғанда, гранит жиектастар ұзақ мерзімге шыдайды, алайда көлік қозғалысы қарқынды қалада олар жол-көлік оқиғасы немесе ауыр техниканың соғылуы салдарынан жиі зақымданады. Сондықтан жаңа асфальт төсеу алдында жиектастар тегістеледі, биіктігі реттеледі. Сынбаған, жарамды жиектастар қайта қолданылады. Ал сызат, жарық, механикалық зақым немесе стандарттан ауытқу бар элементтер ғана ауыстырылады. Орташа жөндеу кезінде қала бойынша орта есеппен жиектастардың 3-5 пайызы ғана жаңартылады», — деді Асан Бостанов.

Оның айтуынша, BRT жобалары аясында мердігер ұйымдар 7 жылдық кепілдік міндеттемелерді орындайды. Олар жол төсемінің, жаяу жүргіншілер аймағы мен жиектастардың сапасына толық жауап береді.

«Райымбек батыр даңғылы бойындағы BRT желісін салу кезінде жолдың геометриялық параметрлері түзетіледі – кейбір бөліктері кеңейтіліп, кейбірі тарылады. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аялдамалары маңында қауіпсіздік аралшалары орнатылады. Бұл өзгерістер жағдайына қарамастан қазіргі гранит жиектастарды алып тастауды талап етеді. Сол кезде барлық жиектастар сұрыпталады. Ақауы жоқ, қайта пайдалануға жарамды тастар тегістеліп, қайта орнатылады. Бұған қоса, құрылыс-монтаж жұмыстары басталмай тұрып, техникалық және авторлық қадағалау тарапынан даңғыл бойындағы жиектастарға визуалды тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде биіктігі мен сапасы талапқа сай келмейтін, зақымданған және пішіні өзгерген бөліктер анықталып, оларды ауыстыру көзделіп отыр», — деді қалалық мобильділік басқармасының орынбасары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#BRT желісі #Райымбек #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Кеше 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Кеше 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Кеше 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Кеше 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);