AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жігіт екінші кездесуде қызды пышақтап, мә...

Алматыда жігіт екінші кездесуде қызды пышақтап, мәйітін жартастан лақтырып жіберген

Барлығы 25.09.2025, 15:35 548 Дина
Алматыда жігіт екінші кездесуде қызды пышақтап, мәйітін жартастан лақтырып жіберген
Сурет: Polisia.kz

Алматыда жігіт екінші кездесуде 19 жастағы қызды өлтіріп, денесін лақтырып кеткен, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.  

Алматыда 22 жастағы жігіт екінші кездесуде 19 жастағы бойжеткенді пышақтап өлтіргені үшін сотталды. Қылмыс үшін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Анаровқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қайғылы таныстық қалай басталды?

Оқиға өткен жазда болған. Тараз қаласының тумасы Қайрат Анаров Алматыға келіп, “Дайвинчик” желісі арқылы Түркістаннан келген 19 жастағы Арунамен танысқан. Қыз Нархоз университетінің 2-курс студенті болған. Алғашқы кездесуде екеуі көлікпен қаланы аралаған, содан соң тағы да кездесуге келіскен.

Екінші кездесуде де олар көлікте отырған кезде сөзге келіспей қалған. Тергеу дерегінше, қыз телефонына жиі хабарласып, біреумен жазысқан. Осыған ашуланған Қайратқа Арунаның сөздері ауыр тиген. Ол өзін эскортпен айналысатынын айтқаннан кейін, ер адам қыздың ата-анасын балағаттады дегенге ашуланып, көлігіндегі пышақты алып, қызға бірнеше рет сұққан.

Қыршыннан қиылған тағдыр

Сот материалында көрсетілгендей, пышақ қыздың кеуде қуысына дейін сұғылған. Жәбірленуші оқиға орнында қан жоғалтудан көз жұмған.

Қылмыстан соң Қайрат марқұмның денесін көліктің жүк салғышына салып, Алматының шетінде орналасқан "Монтажник" бағбандық бірлестігі маңына апарып тастаған. Ал пышақты жол бойында терезеден лақтырып жіберген. Кейінірек қару Royal Tulip қонақүйі жанынан тәркіленген.

Қылмыстан кейін Қайрат қыздың iPhone 11 телефонын 45 000 теңгеге ломбардқа өткізіп, көлікті жалға берген дүкенге қайтарып, кейін Құрбан айт мерекесіне анасымен бірге Астанаға кеткен.

Сот шешімі

Істі қараған судья Бақытхан Бәкірбаев Қайрат Анаровты 12 жылға қатаң режимдегі колонияға жіберу туралы үкім шығарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #пышақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);