Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді...

Алматыда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Әлеумет 05.05.2022, 12:30 1,730
Алматыда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Сурет: Ehonews.kz

Алматыда 9 мамыр қарсаңында қаланың әр ауданында концерттік бағдарламалар, мемориалдарға гүл шоқтарын қою, әскери техника көрмелері және әскери-дала асханасы өтеді.


Іс-шараның құрметті қонақтары Ұлы Отан соғысының ардагерлері болады, олар Жеңіс күніне дейін 1 млн теңге көлемінде біржолғы төлем алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мерекелеу аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың портреттері бар билбордтарды орналастыру, қаланы мерекелік безендіру жоспарлануда.


Мереке күндері қала әкімдігі 50 мың «Жеңіс лентасын» таратуды ұйымдастырады. Оларды 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта, Орталық мәдениет және демалыс саябағында және іс-шаралар өтетін басқа да орындарда алуға болады.


Ардагерлерді құттықтауға қаланың этномәдени бірлестіктері қатысады, олар өз тарапынан материалдық көмек, азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектер мен бірінші кезекте қажетті заттарды дайындады.


5-8 мамыр аралығында ардагерлер тұратын қаланың тұрғын үй кварталдарында, шағын аудандарында әскери оркестрдің қатысуымен концерттер өтеді. Қала әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары ардагерлерге барып, оларды мерекемен құттықтайды деп жоспарлануда.


Мереке күні 9 мамыр күні сағат 9.30-да 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Онда заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әскери-далалық асханамен мерекелік түскі ас беру жоспарланған. Саябақта мерекелік концерт өтеді.


9 мамыр күні сағат 9.30-да «Батырларға тағзым» акциясы ұйымдастырылады, оның аясында қала тұрғындары М. Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Гоголь көшесі бойымен 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркіне дейін жүріп өтіп, соғыста қаза тапқандарды еске алу үшін гүлшоқтарын қоятын болады.


Қала орталығында ғана емес, басқа аудандарда да мерекелік шаралар өтеді: 6 мамыр күні сағат 11.00-де Алатау ауданы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда аудан ардагерлері мен жастардың қатысуымен «Ер есімі - ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.


7 мамырда сағат 12.00-де «Бақшасарай» залында Бостандық ауданының әкімдігі мерекеге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырады.


8 мамыр күні сағат 11.00-де «Гүлдер» саябағында Жетісу ауданы әкімдігі дайындаған концерт өтеді.


9 мамыр күні сағат 10.00-де Наурызбай ауданы әкімдігі ғимаратының алдында «Ерліктің ізі өшпейді» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.


9 мамырда сағат 11.00-де Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова  атындағы скверде Алмалы ауданының әкімдігінің 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған концерті өтеді.


Дәл осы уақытта 9 мамырда Family Park демалыс саябағында Жеңістің 77 жылдығына арналған тағы бір концерт болады.


9 мамыр күні сағат 11.00-де С. Сейфуллин атындағы саябақта Түрксіб ауданының тұрғындары үшін концерт ұсынылады.


9 мамыр күні сағат 14.00-де Медеу ауданының аппараты 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерт ұйымдастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңіс күні #бағдарлама #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі