AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда «Жасыл мектеп» акциясы қорытындыланды

Алматыда «Жасыл мектеп» акциясы қорытындыланды

Білім және ғылым 26.05.2023, 11:47 2,027
Алматыда «Жасыл мектеп» акциясы қорытындыланды
Сурет: Aikyn.kz

Алматыдағы өзекті мәселелердің бірі қалдықтарды басқару, оның ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбы болып табылады.


Басты мақсат - қалдықтармен күресу ғана емес, оларды жою үшін алғы шарттар жасау әрі жас кезден бастап экологиялық мәдениетті қалыптастыру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2022 жылы Алматы әкімдігі EN Social компаниясымен бірлесіп, «Жасыл мектеп» пилоттық жобасын іске қосты. Жоба мектептер ішінде эко-рейнджерлер тобын құруға бағытталған, олар сарапшылардың техникалық және әдіснамалық қолдауымен мектептерде қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асырды, бастауыш сыныптар үшін тренингтер өткізді, мектептерде заттар мен кітаптар алмасу бойынша экофестивальдар ұйымдастырды, құстарға жем салғыштар жасады және өздерінің экобелсенділіктерін ілгерілету үшін мектептің телеграм мен ютуб арналарын құрды. Жобаға барлығы 11 мектеп қатысты: №25 гимназия, №46 гимназия, HighTech мектебі, № 125 мектеп, РФММ, №172 гимназия, №185 мектеп, №200 гимназия, “Престиж” мектебі, №76 мектеп, №143 мектеп-лицей.


Акция қорытындысы бойынша, қалалық мектептер қайта өңдеуге 1,5 тонна қалдық тапсырды. Маусым айының басында оқу жылы аяқталғаннан кейін барлық пайдаланылған мектеп және жұмыс дәптерлерін, контурлық карталарды, күнделіктерді және т.б. жинап, оларды қайта өңдеуге беру жоспарлануда.


Бұл жоба мектептер өздерінің микроучаскелерінде экохабқа айналуы, білімдерін отбасыларына жеткізуі, сондай-ақ болашақта қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтарды қабылдауы мүмкін екенін тағы да көрсетті. Алматы мектептері осы жобамен 100% қамтылған жағдайда, қалада қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру мәселесі шешіледі, ал балалар арқылы тұрғындар арасында экомәдениеттің негізгі қағидаттарын енгізуге болады.


Жоба қорытындысы бойынша қатысушыларды марапаттау рәсімі жоспарланған. Өтетін орны: Алматы қ., Достық даңғылы, 104, Green point (Арман кинотеатры). Өткізу күні – 2023 жылғы 29 мамыр, 12:00-14:00.


Марапаттау рәсімін өткізгеннен кейін балалар Алматы қоқыс сұрыптау зауытына экскурсияға барып, қаладағы қалдықтарды басқарудың барлық процесін көре алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасыл мектеп #жоба #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);