Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жасыл желектер биологиялық құралдармен өң...

Алматыда жасыл желектер биологиялық құралдармен өңделеді

Әлеумет 25.04.2025, 10:24 708
Алматыда жасыл желектер биологиялық құралдармен өңделеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда өсімдіктерді биологиялық қорғаудың жаңа әдісі қолданылады

Мегаполистің тұрақты дамуы мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында 2025 жылы Алматыда өсімдіктерді маусымдық өңдеу бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама аясында жасыл желектерді биологиялық қорғау құралдары пайдаланылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қаладағы ағаштар мен бұталарға күтім жасаудың жаңа стратегиясы заманауи биофунгицидтерді, биоакарицидтер мен бактериялық препараттарды, сондай-ақ, микротыңайтқыштарды қолдануды көздейді. Мұндай тәсіл қоршаған ортаға түсетін химиялық жүктемені азайтып, табиғи биоәртүрлілікті сақтауға мүмкіндік береді.

«Біз дәстүрлі және биологиялық әдістердің теңгерімді үйлесіміне баса назар аударамыз. Бұл өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан тиімді қорғауға көмектеседі және экожүйе мен қала тұрғындарының денсаулығына төнетін қауіптерді азайтады», – деп атап өтті қалалық экология және қоршаған орта басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірден бастап Алматыда өсімдіктерді биологиялық өңдеу шаралары басталды. Жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі және төрт негізгі кезеңнен тұрады:

• I кезең: 20 сәуірден 30 мамырға дейін (емендерді төрт рет, теректерді екі рет өңдеу);

• II кезең: 1 маусымнан 30 маусымға дейін;

• III кезең: 5 шілдеден 5 тамызға дейін;

• IV кезең: 15 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.

Өңдеу үшін сертификатталған биологиялық және кей жағдайда төмен қауіп класындағы (П-4) химиялық препараттар қолданылады. Олар ел аумағында қолдануға рұқсат етілген және климаттық факторлар ескерілген, адамдар, құстар мен жануарлар үшін зиянсыз.

Соңғы төрт жылдағы жұмыстардың нәтижелері бойынша бұл препараттар, әсіресе, каштан жапырағы көбелегі, долана және раушан жапырақ ширатқышы сияқты фитофаг зиянкестерге қарсы күресте жоғары тиімділік көрсеткен. Жыл сайынғы жүйелі өңдеу зиянды жәндіктердің санын тұрақты түрде азайтып, қаладағы ағаштардың жай-күйін сақтап тұруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өсімдіктер #биологиялық қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Бүгін 17:25

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Бүгін 17:12

5 жыл бұрынғы рекорд жаңарды: Алматыда +23 градус тіркелді

Бүгін 16:57

"Ақшаға қатты мұқтаж болдым". Түркістанда ер адам бүйрегін 13 миллион теңгеге сатпақ болған

Бүгін 16:22

Әзербайжанда Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі