Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастарды жұмыспен қамту жөнінде қандай қо...

Алматыда жастарды жұмыспен қамту жөнінде қандай қолдау шаралары бар

Әлеумет 14.07.2023, 08:18 1,106
Алматыда жастарды жұмыспен қамту жөнінде қандай қолдау шаралары бар
Almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және жастар үшін субсидияланатын жұмыс орындары туралы Алматы қаласының Мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Спикер өз сөзінде халықты жұмыспен қамту орталықтары шұғыл еңбек және мансап орталықтарына айналғанын еске салды.


"Біздің елімізде жұмыспен қамтудың жаңа саясатын іске асыру халықтың жекелеген осал топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден бастап барлық еңбекке қабілетті азаматтар үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшуді көздейді. Шұғыл еңбек орталықтарының күн тәртібінде жаңа міндеттер тұр, олар: еркін еңбек нарығын қалыптастыру, еңбекке қабілетті халықтың жаңа кәсіби дағдыларды дамытуына қолдау көрсету, жаңа көші - қон саясатын іске асыру және Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру арқылы еңбек делдалдығын дамыту", - деп бөлісті ол.


Жастарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға келетін болсақ, бұл шара 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуда.


Жастар практикасы - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.


Қойылатын талаптар:


1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;


2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеннен кейін 5 (бес) жыл ішінде;


3) меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;


4) жұмыссыз ретінде тіркелу.


Субсидияның бір айдағы мөлшері және мерзімі:


• 30 айлық есептік көрсеткіш;


• 12 айдан аспайды.


“Алғашқы жұмыс орны” жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары - алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба.


Қойылатын талаптар:


1) жасы 35 жастан аспауға тиіс;


1) жұмыс тәжірибесінің болмауы;


2) жұмыссыз ретінде тіркелу.


Субсидияның бір айдағы мөлшері және мерзімі:


• 30 айлық есептік көрсеткіш;


• 18 айдан аспайды.


"Ұрпақтар келісімшарты" жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары - оқу орындарының жұмыссыз түлектерін өздері алған кәсібі (мамандығы) бойынша немесе ұлттық кәсіптер сыныптауышында қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша жұмысқа орналастырып, кейіннен бағытталған Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, жұмыс істеп жүрген жұмыскерді алмастыруға жоба.


Қойылатын талаптар:


1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;


2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеннен 3 (үш) жыл ішінде;


4) жұмыссыз ретінде тіркелу


Субсидияның бір айдағы мөлшері және мерзімі:


• 30 айлық есептік көрсеткіш;


• 6 айдан аспайды.


Барлық сұрақтар бойынша Достық даңғылы, 85 мекенжайы бойынша орналасқан Әлеуметтік қызметтер үйіне хабарласуға болады. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы жанындағы 310-47-82 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуға болады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қабылдау "бір терезе" жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, компьютерлермен жабдықталған және интернетке қол жетімді өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика