Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастар күніне орай қандай іс-шаралар өтед...

Алматыда жастар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Әлеумет 02.08.2024, 16:22 980
Алматыда жастар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Жастар саясаты басқармасының  қолдауымен Халықаралық жастар күніне орай  қаламызда және комьюнити орталықтардың базасында 60-тан астам арнайы шаралар өткізу жоспарланған.

Алматы – жастар қаласы, мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады.

Осы ретте, ағымдағы жылдың 3 тамызы мен 12 тамыз аралығында 10 бағыт бойынша («Taza Qazaqstan», «Jas kelse. Iske!», «Densaulyk – zor bailyk», «Gylym tappai maqtanba», «Meyirimdilik mekeni», «Adal Azamat», «Enbek barin de jenbek», «Ystyq qairat. Nurly aqyl. Jyly jurek», «Qorgan-24», «Jasratmen birge») жастардың шығармашылық әлеуетін асыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады.

«1999 жылдан бастап бүкіл әлемде 12 тамызда Халықаралық Жастар күні атап өтіледі. Бұл жастарға, олардың жетістіктері мен әлеуетіне арналған ерекше күн. Біз қарқынды өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жастар батылдық пен шығармашылықтың үлгісін көрсете отырып, осы процестердің алдыңғы қатарында. Біздің міндетіміз – сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау», - деді Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы міндетін атқарушы Азиз Кажденбек.

12 тамыз - Халықаралық Жастар күні күні қала кәсіпкерлерімен бірлесіп, 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған «Jas Almaty» ауқымды акциясын өткізу жоспарланған. Іс-шара аясында қоғамдық тамақтану мен пайдалы демалыс саласында жеңілдіктер жасалады.

Іс-шаралар туралы қосымша ақпаратты jas.almaty және комьюнити-орталықтардың инстаграм парақшаларынан көре аласыздар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Jas Almaty #жастар саясаты #Жастар күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері алдағы республикалық референдумға қолдау білдірді

Бүгін 20:38

Ақпараттық науқанға еліміздің барлық өңірінің жастары белсенді қатысып жатыр

Бүгін 19:13

Әлеуметтік сала өкілдерінің үні – конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған

Бүгін 19:04

Түркістан әуежайына 14 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін 17:47

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Бүгін 17:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі