Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Жастар күні қалай атап өтілетіні айтылды

Алматыда Жастар күні қалай атап өтілетіні айтылды

Барлығы 04.08.2025, 17:13 637
Алматыда Жастар күні қалай атап өтілетіні айтылды
Алматы әкімдігі

Алматыда Жастар күніне орай "Alma Love" онкүндігі басталды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Алматыда 3–12 тамыз аралығында Халықаралық жастар күніне арналған "Alma Love" мерекелік онкүндігі басталды. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының, әкімдік жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл қала тұрғындарына, әсіресе белсенді жастарға арналған мәдени, спорттық, экологиялық және шығармашылық іс-шараларды ұсынады.

Онкүндіктің алғашқы жарқын іс-шарасы – қаладағы көше би топтары мен кәсіби бишілерді жинаған "ALL STYLES BATTLE" би баттлы болды. Қатысушылар түрлі стильде өнер көрсетіп, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Алдағы күндері алматылықтарды жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған экоакцияларға қатысу, стартаптар мен креативті идеяларды таныстыратын жастар және әлеуметтік жобалар көрмесі, квест ойындар мен ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстар күтеді. Сондай-ақ, мерекелік бағдарламада жас орындаушыларға арналған Open Mic форматындағы концерт пен жастар ойын айтып, қала ортасын жақсартуға ұсыныстар бере алатын диалог алаңы да бар.

Онкүндіктің шарықтау шегі 12 тамыз күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін "Alma Love" қорытынды фестивалі болмақ. Кіру тегін.

"Жастардың дамуына жағдай жасау және олардың бастамаларын жүзеге асыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы онкүндік аясында түрлі форматтағы шараларды қамтып, әртүрлі қызығушылықтары бар жастарды біріктіруге тырыстық. Барлық алматылықты белсенді қатысып, мерекелік атмосфераны бірге сезінуге шақырамыз", - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Онкүндік іс-шаралар бағдарламасы:

№

Іс-шараның атауы

Сипаттамасы

Өткізу орны

Күні

1

EcoVibe 

Жастар арасындағы эко - челлендж, тазарту және қалаға қамқорлық көрсету. Сонымен қатар эко-фест өткізіледі

аулалар мен Арбат алаңы, Сайран көлінің шығыс бөлігі

05.08.2025 ж.

2

Graffiti Jam 

Суретшілер, белсенділер және қала тұрғындары бірге "Алматы – жастар қаласы" атауымен мурал жасайды

Алатау ауданы, Саялы шағын ауданы 118

06.08.2025 ж.

3

"Jastar joly" квест ойыны

 

Алматының негізгі мәдени және тарихи нысандары бойынша маршруттармен қалалық квест-ойын. Командалар қала тарихына, әлеуметтік бастамаларға, мәдениетке және еріктілікке байланысты тапсырмаларды орындайды.

қаланың мәдени және тарихи нысандары

07.08.2025 ж. 

4

Jastar Talks

Жастар мен олардың кумирлері, шабыт беретін спикерлермен ашық әңгіме жүргізуге арналған диалог алаңы, онда Алматы қаласын жақсартуға қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

комьюнити орталықтар

08.08.2025 ж.

5

Social Lab

Жастар және әлеуметтік жобалар көрмесі

Апорт СОО (жаңа)

09.08.2025 ж.

6

Youth nomad

Қала базарларында жұмыс істейтін жастар арасындағы ұлттық спорт түрлері бойынша фестиваль

Рахат базары

10.08.2025 ж.

7

Open mic

Ашық микрофон кеші, онда жас стендап артистері мен КТК резиденттері қала базарларында талантын көрсетеді, ал жас вокалистер Арбатта өнерін ортаға салады.

Арбат алаңы, Кенжехан базары

11.08.2025 ж.

8

ALMA LOVE

концерті

 

Өз саласының дамуына үлес қосқан жастарды марапаттау рәсімімен өтетін қорытынды концерт

Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы

12.08.2025 ж.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жастар күні #шара #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика