AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда жасөспірімдер буллингі туралы фильмнің тұ...

Алматыда жасөспірімдер буллингі туралы фильмнің тұсаукесері өтті

Не? Қайда? Қашан? 23.12.2021, 16:46 2,461
Алматыда жасөспірімдер буллингі туралы фильмнің тұсаукесері өтті
Сурет: Egemen.kz

Алматыда дүние жүзіндегі түрлі кинофестивальдерде 50-ге жуық жүлдемен марапатталған «Күнбағыс» («Подсолнух») фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Сталкер Синема» компаниясымен бірлесіп түсірген.


«Күнбағыс» — «орта жас» дағдарысына ұшыраған отбасы туралы драмаға толы хикая. Ішкі қайшылықтарымен әуре болған ата-анасының қараусыз қалған жасөспірім баласы үйде де, мектепте де буллингтің барлық сұмдықтарын бастан кешіп, өз қиындығымен бетпе-бет қалған керексіз адамға айналады. Пана іздеген Әмір құмар ойындарға тәуелділікке әкелетін компьютерлік ойындар әлеміне енеді...


Мәдени іс-шара барысында сөз сөйлеген фильмнің қоюшы режиссері Эля Гильман тұсаукесерге келген көрермендерге алғысын айта отырып, картинаның кинофестивальдердегі жетістіктерімен бөлісіп, кинотуындының  түсіру тобына жүлделерін  табыстады.


Осылайша режиссер Istanbul Film Awards және Cannes Film Awards  кинофестивальдерінде марапатталған «Үздік актер» жұлдесін фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Еркебұлан Дайыровқа табыстады. Сондай-ақ, басқа да жүлделерді фильмнің жас актері Рашид Мусин, сценарий авторы Расул Шыбынтай, оператор Алексей Кирюхин, қоюшы суретші Оксана Азаматова, продюсерлер Гүлсина Мустафина мен Александр Гильман алды.


Айта кетсек, жалпы алғанда осы күнге дейін «Күнбағыс» драмасы 27 халықаралық кинофестивальде түрлі номинациялар бойынша 47 сыйлықты қанжығасына байлады.


«Күнбағыс» фильмі келер жылы сәуір айында прокатқа шығады.


Қазіргі таңда «Күнбағыс» фильмі иеленген марапаттардың толық тізімі төмендегідей:


«Үздік толықметрлі фильм» сыйлығы - New York Cinema Independent Awards, Toronto International Woman Film Festival, Crown Wood International Film Festival (Үндістан), Rome Movie Awards, Milan Gold Awards, KIFF (Kotka International Film Festival, Finland), МосфильмФест (Мәскеу, Ресей), SLATE International Film Festival (Гонконг, Қытай)


«Үздік режиссер» сыйлығы - Venice Film Awards, Crown Wood International Film Festival (Үндістан), Paris International Film Festival, Tokyo International Monthly Film Festival, Milan Gold Awards, Hollywood Gold Awards


«Үздік әйел-режиссер» - Cannes World Film Festival, Istanbul Film Awards, New York Cinema Independent Awards, Crown Wood International Film Festival (Үндістан)


«Үздік шетелдік фильм» сыйлығы - Cannes World Film Festival, Istanbul Film Awards


«Үздік драма» сыйлығы - Red Movie Awards (Франция), Istanbul Film Awards, Prague Film Awards


«Орыс тіліндегі үздік фильм» сыйлығы - Near Nazareth Film Festival (Израиль)


«Үздік актер» сыйлығы - Istanbul Film Awards (Еркебұлан Дайыров, Слобода Мичалович, Рашид Мусин), Milan Gold Awards (Слобода Мичалович), Hollywood Gold Awards (Слобода Мичалович)


«Үздік жас актер» сыйлығы - Cannes World Film Festival (Рашид Мусин)


«Азияның үздік актері» - Cannes Film Awards (Еркебұлан Дайыров)


«Үздік оператор» сыйлығы - Istanbul Film Awards (Алексей Кирюхин)


«Үздік сценарий» сыйлығы - Hollywood Gold Awards (Расул Шыбынтай)


«Үздік қоюшы-суретші» сыйлығы - Paris International Film Awards, London International Monthly Film Festival, Hollywood Gold Awards (Оксана Азаматова)


«Үздік продюсер» сыйлығы – Beijing Film Festival (China), Hollywood Gold Awards (Гүлсина Мұстафина, Александр Гильман)


«Үздік композитор» сыйлығы - LA Independent Film Awards


«Шеберлігі үшін» сыйлығы - WRPN Women’s International Film Festival


Қазылар алқасының арнайы жүлдесі - White Nights Film Festival (Санкт-Петербор)


«Ерекше аталым» сыйлығы - Paris Film Festival, LA Independent Film Awards

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұсаукесер #фильм #күнбағыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);