ffin.kz

Алматыда жас мамандарға арналған республикалық «Jas Kenes Siylygy» байқауының басталғаны туралы айтылды

Алматыда жас мамандарға арналған республикалық «Jas Kenes Siylygy» байқауының басталғаны туралы айтылды Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Байқау жас мамандарды қолдауға және ынталандыруға бағытталған. Оның шарттары туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілі баяндады. 

«Jas Kenes Siylygy» - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі, «Asar Ume» қорының басшысы Асхат Нұрмашев байқау қоғамның маңызды салаларына үлесін қосып жүрген жас мамандардың еңбегіне назар аударуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Jas Kenes Siylygy» байқауының басталғанын жариялайтын күн де жетті. Біз бұрын назардан тыс қалып келген сала мамандарының арасынан үздіктерін жинауға тырысамыз. Бұл премияның ерекшелігі сол, басшылық қызметінен тыс жас мамандардың қатысуында. Байқауға жиі көзге көріне бермейтін, көпшілік назар аудара бермейтін қызмет түрлерінің өкілдері таңдалады. Олар біздің айналамызда маңызды мамандық иелері. Байқау барысында біз үздіктердің үздігін таңдаймыз», - деді ол.

Брифингте сөз сөйлеген Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Кажденбек байқау жеңімпаздары бір миллион теңге көлемінде сыйлық алатынын атап өтті. Бұл жүлдеге 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады.

«Конкурсқа қатысуға өтінімді 2024 жылғы 18 маусым мен 18 шілде аралығында jaskenes.kz сайты арқылы беруге болады. Өтінімдер ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесте белгіленген мерзімде қабылданады», - деп атап өтті ол. 

Сыйлық 2024 жылдан бастап жыл сайын келесі номинациялар бойынша беріледі:
- «Janqiarlyq», құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің өзге де ұйымдарының өкілдері үшін;
- «Altyn jürek», орта медициналық персонал үшін (жедел медициналық көмек, акушерлер және т. б.);
- «Önerkäsıp», өңдеу өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, агроөнеркәсіптік сектордың, тамақ өнеркәсібі ұйымдарының, энергетика секторының қызметкерлері және өндірістік сектордың басқа да өкілдері үшін;
- «Bolaşaq turaly qamqorlyq», мектепке дейінгі, орта, арнайы орта білім беру мекемелерінің педагогтері, сондай-ақ мамандандырылған қызметтер көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлері үшін;
- «Adamgerşılık», балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің, хоспистердің, жануарларға арналған баспаналардың және осындай әлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың өкілдері үшін;
- «Kömek qoly», зардап шеккендерге және Қазақстанда және одан тыс жерлерде мұқтаж адамдарға ерікті көмек көрсетуді ұйымдастыруда өзін көрсеткен еріктілер үшін;
- «Bızdıñ üi», коммуналдық және инфрақұрылымдық қызметтердің өкілдері, ПИК, МИБ (сантехниктер, электриктер және т.б.) қызметкерлері, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты өзге де ұйымдар үшін.

Келіп түскен өтінімдерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің қатарынан құрылған және кемінде 7 адамнан тұратын комиссия қарайды.

Комиссияны оның мүшелері арасынан сайланатын төраға басқарады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің Төрағасы бекітеді. Комиссия отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.

Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия үш кезеңде қарайды: 
- Бірінші, өтінімдерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығын техникалық бағалау;
- Екінші, Комиссия мүшелерінің келіп түскен өтінімдерді жеке қарауы. Осы кезең шеңберінде Комиссия мүшелері өтінімді әртүрлі көрсеткіштер бойынша он балдық шкала бойынша бағалайды. Кандидат балдарының қорытынды мәні комиссияның барлық мүшелері бағалайтын барлық көрсеткіштер бойынша балдар сомасының орташа мәнін есептеу жолымен есептеледі;
- Үшінші, комиссия мүшелерімен офлайн немесе онлайн форматта сұхбаттасуға кандидаттардың қысқа тізімін (екінші кезеңде ең көп балл жинаған кандидаттардың 10%) шақыру. Үшінші кезеңде Комиссияның әрбір мүшесі бірінші орыннан үшінші орынға рейтинг беру арқылы үздік үш үміткерге дауыс береді. Бұл ретте 1-орын үшін 5 балл, 2 – орын үшін – 3 балл, бірінші орын үшін-1 балл беріледі. Комиссия мүшелерінің ең көп балл жинаған екі кандидат өз номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылады. 

«Комиссияның сыйлық лауреаттарының тізбесін бекіту туралы шешімі комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Конкурстық іріктеу нәтижелері туралы Әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-сайттар арқылы хабарланатын болады», - деп атап өтті А.Кажденбек.

Марапаттау рәсімі барысында сыйлыққа ие болған адамдарға тиісті диплом, ақшалай сыйақы беріледі, сондай-ақ іс-шараның серіктестері мен демеушілерінен қосымша бағалы сыйлықтар табыс етілуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:48

10:30

10:13

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43