AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жас көрермендер театры қалай қайта жаңғыр...

Алматыда жас көрермендер театры қалай қайта жаңғыртылып жатыр

Барлығы 29.01.2026, 16:15 304 yakiya
Алматыда жас көрермендер театры қалай қайта жаңғыртылып жатыр
Almaty TV

Almaty TV телеарнасы урбанистика, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру және Алматының сәулеттік мұрасын сақтау мәселелеріне арналған жаңа ақпараттық-ағартушылық «Архитектор» бағдарламасының екінші шығарылымын ұсынады. Сарапшылар мен сәулетшілер қаланы жаңғырту жұмыстарының қалай жүзеге асатынын, мамандар қандай сынға ұшырап жататынын және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру үшін қандай шешімдер қабылданып жатқанын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріп береді.
Алматыдағы тарихи ғимараттарды қайта жаңарту мәселесі әрдайым қоғамда екіұдай пікір тудырып жатады. Бірі қаланың келбеті бұзылады деп алаңдаса, енді бірі жаңарту жұмысы жүргізілмесе, ол нысандардың қауіп көзіне айналатынын алға тартады. «Архитектор» жобасы сырт көзге әдемі көрінетін ғимараттардың артында күрделі инженерлік мәселелер тұруы мүмкін екенін көрсетеді.
Бағдарламаның екінші шығарылымында авторлар қауіпсіздік, тарихи келбетті сақтау және қала тұрғындарының мүддесі арасында тепе-теңдік табу мәселесіне ерекше назар аударды.
Бағдарламаның негізгі тақырыптарының бірі - Алмалы ауданы әкімдігі ғимаратының қайта жаңғыртылуы. Бұл тарихи нысан 1976 жылы салынған және шамамен 50 жыл бойы бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Қазіргі таңда ғимарат толық реконструкциядан өтіп жатыр: сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп, адамға қауіп төндіретін барлық элемент ауыстырылып, ескірген инженерлік желілер жаңартылуда.
 
«Конструкцияларды нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде - ағаш элементтер жеңілдетілген сәндік баламаларымен ауыстырылып жатыр, сонымен қатар ғимараттың тарихи келбеті де сақталып қалады. Бұрын құлау қаупі бар қасбеттік сәндік элементтер түпнұсқасымен дәлме-дәл қайта қалпына келтірілуде», - дейді авторлық қадағалау бөлімінің басшысы Талғат Тәжібаев.
Алматы қаласы Құрылыс басқармасының бас маманы Айтбек Бекболұлы бұл ғимарат қорғалатын тарихи нысандар тізіміне кірмесе де, оның сәулеттік келбеті сақталатынын атап өтті.
Жаңа шығарылымда журналистер Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жаңғырту жұмыстарының барысын да көрсетті. Мамандардың айтуынша, сырт көзге жақсы күйде көрінгенімен, ғимараттың техникалық жағдайы өте күрделі болған.
Жобаның бас инженері Алма Кенжалина жүргізілген тексеру барысында конструкциялар мен инженерлік жүйелердің қатты тозғаны анықталғанын айтты.
«Зерттеу нәтижелері ғимараттың қанағаттанарлықсыз күйде екенін және жай жөндеуді емес, терең реконструкцияны қажет ететінін көрсетті», - деді ол.
Оның айтуынша, ең үлкен қауіп қасбетте болған: мәрмәр және қаптау элементтері бұзылып, адамдар көп жиналатын аумақтарда құлау қаупін тудырған.
Сонымен қатар Алматы қаласы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Еламанов театрдың негізгі сәулеттік белгілері сақталып, қалпына келтірілетінін атап өтті.
Оның айтуынша, мәрмәр қаптамалар, гранит жабындары мен люстралар ауыстырылмай, қайта қалпына келтірілмек. Сонымен қатар балалар мен жастар жобаларына арналған кеңістігі және заманға сай сахнасы бар қосымша корпус салу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ бағдарламаның жеке бір бөлімі қаланың Бас жоспарын түзету мәселесіне арналып отыр. «Алматыбасжоспар» ҒЗИ басшысы Асхат Сәдуов қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының барлық өтініші мен ұсыныстары ескерілетінін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматыбасжоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика