Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңбыр, Астанада аяз

Алматыда жаңбыр, Астанада аяз

Әлеумет 12.04.2024, 03:02 846
Алматыда жаңбыр, Астанада аяз
Сурет: Almaty-akshamy.kz

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы.


"Қазгидромет" РМК Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Болжамға сәйкес, елордада күн күрт суыту ықтималдылығы жоғары, ал еліміздің өзге ең ірі екі мегаполисінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі:


Астанада - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: +7...+9°С;


Алматыда - аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, аракідік найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +13...+15°С;


Шымкентте - аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, таңертең және түстен кейінгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +19...+21°С.


Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын, негізінен жаңбыр жауатынын ескертеді.



"Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), республикамыздың шығысында, орталығында да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейею сипаты басым, еліміздің солтүстік, шығыс өңірлерінде көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жауын #астана #аяз #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балаларға арналған міндетті екпелер: алматылық дәрігер вакцинация кестесі жайлы айтты

Бүгін 16:42

Қонаев атындағы академияның заңгерлері мен студенттері референдумды қолдады

Бүгін 16:34

"Жарнама және полиграфия: тиімді жарнаманы құрудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі" қалалық байқауы өтті

Бүгін 16:26

Журналистер тегін онкоскринингтен өтті: ерте диагностика – өмір кепілі

Бүгін 16:24

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі