Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Жанашыр» қоғамдық қорының жобалары қорыт...

Алматыда «Жанашыр» қоғамдық қорының жобалары қорытындыланды

Әлеумет 06.12.2024, 15:40 854
Алматыда «Жанашыр» қоғамдық қорының жобалары қорытындыланды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жанашыр» халықаралық қоғамдық қорының президенті Жаңыл Апетова 2024 жылы ұйым жұмысының нәтижелерін және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру қорытындыларын ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

1997 жылы құрылған ұйым 30 жылға жуық уақыт бойы ұлттық құндылықтарды сақтауға, азаматтық қоғамды қолдауға және жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Осы жылдар ішінде қор 5000-нан астам іс-шара өткізді, олардың көпшілігі қала мен ел үшін маңызды болды.

2024 жылы «Жанашыр» қоры үш Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сәтті жүзеге асырды, оның ішінде — заңгерлік консультациялар, жүздеген ақпараттық материалдарды жариялау және сауда орталықтарындағы мобильді топтардың жұмысын қамтитын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы бар.

«Біз 5000-ға жуық кеңес өткіздік, 12 оқу орнында кездесулер ұйымдастырдық, бейнероликтер жасадық және әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істедік. Бұл азаматтардың өз құқықтары туралы хабардарлығын арттыру үшін үлкен қадам болды», — деп атап өтті Жаңыл Апетова.

Жылдың жарқын оқиғаларының бірі 235 отбасы қатысқан «Мерейлі отбасы» байқауы болды. Салтанатты марапаттау рәсімі шілде айында өтті, ал байқау қорытындысы БАҚ-та кеңінен жарияланды. Қор басшысы мұндай жобалар отбасылық құндылықтарды насихаттау үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

«Патриоттық рух – басты  құндылық» жобасы жастар арасында патриотизмге тәрбиелеуге және Желтоқсан оқиғасының батыры Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Жоба аясында сенбіліктер, эссе байқауы, желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесулер және оның туғанына 60 жыл толуына орай «Қазақ күресі» бойынша турнир ұйымдастырылды.

«Біз жастарға 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалардың символы болған тәуелсіздік пен патриотизм рухын жеткізуге тырысамыз», - деп толықтырды ӨКҚ спикері.

Қордың барлық жобалары Алматы Азаматтық орталығының сарапшылары тарапынан қатаң бақылаудан өтеді. Орындалған жұмыс туралы есептер мұқият тексеріліп, содан кейін ғана тапсырыс берушілер қабылдайды. Жаңыл Амантайқызының айтуынша, 2024 жылдың нәтижелері ұйым жұмысының жоғары тиімділігін растайды. 

«Біз әрқашан қоғамның күткен үмітін қанағаттандыруға, оның дамуын қолдауға және мемлекет пен азаматтар арасындағы көпір болуға тырысамыз», — деп қорытындылады Ж.Апетова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жанашыр #Жаңыл Апетова #мерейлі отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген қашан үйленеді? Анасы жауап берді

Бүгін 09:17

Таразда төбелестен кейін 10-сынып оқушысы көзінен айырылды

Бүгін 09:02

Үш қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 08:46

15 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін 08:38

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

Кеше 22:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика