Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа перзентхана мен жедел жәрдемнің қоса...

Алматыда жаңа перзентхана мен жедел жәрдемнің қосалқы станциясы салынады

Әлеумет 27.02.2025, 09:53 755
Алматыда жаңа перзентхана мен жедел жәрдемнің қосалқы станциясы салынады
видеодан алынды

Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу  кезінде Медеу ауданының денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала басшысы ағымдағы жылдың наурыз айында №2 қалалық мамандандырылған балалар үйінің ғимаратын күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлады. Күрделі жөндеу аудан тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. 2024 жылдың мамыр айында 1 млрд теңге бөлініп, жұмыстар басталды.

Ағымдағы жылдың маусым айында жедел жәрдем жүйесін жаңарту аясында ескісін бұза отырып, № 4 жедел жәрдем қосалқы станциясының жаңа ғимаратының құрылысы аяқталады.  Бұл медициналық қызметтің сапасы мен тиімділігін арттырады. 

Тамыз айында «Думан» ш/а бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана құрылысына ЖСҚ әзірлеуді аяқтау, «Алатау» емханасын реконструкциялау, сондай-ақ ескісін бұза отырып, №2 перзентхананың жаңа ғимаратын салу жоспарлануда, деп атап өтті Ерболат Досаев.

Бұған дейін Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша №2 перзентхана бұзылады деп хабарланған болатын. 1937 жылы салынған ғимарат әбден тозған және қазіргі стандарттарға сәйкес келмейді. Жаңа ғимаратты жобалау аяқталып, 2025 жылдың маусымында сараптама басталады деп күтілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі - 2026 жылдың соңы. 

Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2025 жылы 2,6 есе 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #Алматы #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика