Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда жалпы қалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығ...

Алматыда жалпы қалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізіледі

Не? Қайда? Қашан? 29.04.2025, 18:05 844
Алматыда жалпы қалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізіледі
Алматы қаласы әкімдігі

30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналар қосылады: жалпы қалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Алматы қаласының ТЖД-на сілтеме жасап.

Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық қолға алынды: 28 сәуірден бастап теле-радиоарналарда алдағы жоспарлы жаттығу туралы бейнероликтер мен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар көрсетіліп жатыр. 

Сейсмикалық жаттығу өтетін күні сағат 11:00-де қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады: сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып, шұғыл ақпарат беру, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жоспарланған.

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы – бұл төтенше жағдай қаупі немесе туындаған жағдайда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде дереу теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы ресми ақпарат алып, одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулармен танысу қажет.

Сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін дабыл шабаданын дайындаңыз, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа жолды анықтаңыз. Естеріңізге сала кетейік, қауіпсіз орын – бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң.

Алматы қаласында халықты қабылдайтын 384 пункт бар. Толық ақпаратпен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/documents/details/379263?lang=ru

Халықты қабылдау пункттері туралы толық ақпарат 2ГИС картасында «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп іздеу арқылы және Алматының Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдіктің ресми сайтынан табуға болады. 

Әрі қарай қолжетімді хабарлау құралдары (дағдарыс шабаданындағы радиоқабылдағыш, мобильді қосымшалар, сиреналық-дауыс құрылғылары және т.б.) арқылы келесі іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз.

Өткізіліп жатқан қалалық сейсмикалық жаттығу жоспарлы түрде жүргізілетінін еске саламыз. Азаматтарды сабыр сақтауға және белсенді қатысуға шақырамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сейсмикалық қауіпсіздік #сирена
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика