AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда ірі ұрлықтың беті ашылды

Алматыда ірі ұрлықтың беті ашылды

Заң мен тəртіп 17.10.2022, 08:48 860
Алматыда ірі ұрлықтың беті ашылды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда ательеден 5 млн теңгенің мүлкі қолды болған. 


Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, Райымбек даңғылында орналасқан ательеден шамамен 5 миллион теңгенің мүлкі ұрланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Қылмыс күндіз, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейінгі аралықта орын алған. Белгісіз адам еркін түрде кеңсеге кіріп, сол жерден мүлікті ұрлап, жалпы сомасы 4 млн 700 мың теңге материалдық шығын келтірген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Күдіктілер полицияның арнайы жасағының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде қаладағы базарлардың бірінде ұсталды», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.



Күдіктілердің екеуі де - Түркістан және Алматы облыстарынан келгендер. Олардың жасы 25 пен 29-да. Қазір күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық #Алматы #күдіктілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Бүгін 11:39

Ораза айт күні қандай амалдар жасау керек?

Бүгін 11:29

Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды

Бүгін 11:23

Алматыда ат спорты танымал болып барады

Бүгін 11:11

Берешегін өтеген алматылық кәсіпкердің айыппұлы мен өсімпұлын алып тастайды

Бүгін 10:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика