AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «IQ-ALA JASTARY» зияткерлік ойынының фина...

Алматыда «IQ-ALA JASTARY» зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өтті

Әлеумет 03.06.2025, 12:44 765
Алматыда «IQ-ALA JASTARY» зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өтті
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қорының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздер күніне орай «IQ-ALA JASTARY» қалалық зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жобаның мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын арттыру, сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық әлеуетін шыңдау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттау. Биыл жобаға қала бойынша 1000-нан астам жас қатысқан.

Зияткерлік ойын төрт негізгі лига бойынша ұйымдастырылды:

1.      Студенттік лига – жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында;

2.    Белсенді жастар лигасы – комьюнити орталықтарының резиденттері, жастар омбудсмендері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен шығармашыл жастар арасында;

3.      Жұмысшы жастар лигасы – әртүрлі салада еңбек ететін жастар арасында;

4.      Жастар лигасы – әртүрлі әлеуметтік топтағы жастар арасында.

Әр лигада үздік атанған командалар финалдық кезеңге жолдама алып, барлығы 19 команда білім, логика және тапқырлық бойынша өзара бақ сынасты.

«IQ-ALA JASTARY» жобасының биылғы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.

Тартысқа толы финал нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:

·                    I орын – «A-team» командасы (500 000 теңге);

·                    II орын – «Аққу, шортан һәм шаян» командасы (300 000 теңге);

·                    III орын – «Достар» командасы (200 000 теңге).

«Командамыз бірнеше жылдан бері бірге ойнап келеді. Алматыдағы түрлі интеллектуалды жарыстарға қатысқан тәжірибеміз бар. Кей сұрақтар, әсіресе тарихи тастарға қатысты, күрделі болды. Бірақ әділ әрі тартысты өткен ойынның рухы ерекше әсер қалдырды», – деді «Аққу, шортан һәм шаян» командасының мүшесі Шұғыла Бүрлібаева.

«IQ-ALA JASTARY» зияткерлік жобасы жастар арасында үлкен қызығушылық пен қолдау тапты. Ұйымдастырушылар жобаны алдағы жылдары дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Биылғы қатысушылар саны мен жастардың белсенділігі бұл жобаның өзектілігін және жастардың зияткерлік дамуға деген жоғары ынтасын айқын көрсетті.

Сонымен қатар, жоба аясында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында тимбилдингтер, семинарлар және басқа да мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Бұл бағдарлама қатысушылардың жеке және командалық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #IQ-ALA JASTARY
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика