Алматыда инватакси қызметі кеңейтіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инфрақұрылым қолжетімді болуда

  • 17:23, 29 қазан 2025
Алматыда инватакси қызметі кеңейтіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инфрақұрылым қолжетімді болуда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында инклюзивті қалалық ортаны дамыту және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.

Биыл инватакси қызметін пайдалана алатын азаматтар тізімі кеңейді. Енді бұл қызметті тек тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі күту мен мінез-құлқын бақылау қабілеті шектеулі ауыр психикалық ауытқуы бар азаматтар да пайдалана алады.

Жаңа санаттарды қамту үшін жергілікті бюджеттен қосымша 83 миллион теңге бөлінді. Бұл өз кезегінде қызмет көрсетілетін адамдар санын арттыруға мүмкіндік береді.

«Инватакси қызметін кеңейту – әр тұрғын өз орнын қоғамнан таба алатын, нағыз инклюзивті қала құру жолындағы маңызды қадам», - деді Бауыржан Жаубасов.

Сондай-ақ ол жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі лифтілер мен көтергіштердің қолжетімділігіне де көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Қазір Алматыдағы 126 өткелдің 57-сінде осындай құрылғылар орнатылған. Азаматтар оларға жеке кілт арқылы қол жеткізе алады, оны аудан әкімдіктері өтініш негізінде береді.

2025 жылы Әуезов ауданында пилоттық түрде “Оңай” жүйесі енгізілді. Ол көтергіштер мен лифтілерге жеке карта арқылы тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Карта иесінің мәртебесін автоматты түрде анықтап, пайдалану құқығын растау жүйесін қамтамасыз етеді.

«Бұл жүйе процесті барынша жеңілдетеді. “Оңай” картасын терминалға тигізу жеткілікті, көтергіш автоматты түрде іске қосылады», - деді Бауыржан Жаубасов.

Пилоттық жоба оң нәтиже көрсетсе, 2026 жылы “Оңай” жүйесін қала бойынша кеңейту жоспарлануда. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігін айтарлықтай арттырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:12

17:58

17:38

17:23

17:12

17:02

16:53

16:41

16:26

16:11

15:58

15:44

15:30

15:12

14:54

14:35

14:08

12:28

12:15

12:04

11:44

11:29

11:15

11:09

11:00