AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөнінде кеңес құ...

Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөнінде кеңес құрылды

Әлеумет 21.02.2024, 06:23 966
Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөнінде кеңес құрылды
almaty-akshamy.kz

ҮЕҰ мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өміріне тең мүмкіндіктер жасау жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін күш біріктіреді.


Барлық санаттағы мүгедек адамдардың мүдделерін білдіретін ҮЕҰ басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен Алматы аудандарының әкімдері енетін кеңестің құрамы қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен XIV сессиясында бекітілді. Кандидаттарды іріктеу кезінде мүгедектердің құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы қоғамдық жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ заң шығару, ғылыми немесе сараптамалық жұмыс тәжірибесі ескерілді.


Кеңес төрағасы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, төрағаның орынбасарлары – әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова және әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова. Сондай-ақ, кеңес құрамына мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау саласындағы белгілі қоғам қайраткерлері Богдан Джепка, Татьяна Баклажанская, Майра Сүлеева, Әсия Ахтанова, Рауана Сағадиева және басқалары енді.



Жаңа кеңес жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын іске асыру және тіршілік үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша қызметті үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар қалада инклюзивті ортаны қалыптастыру мәселелерімен айналысатын болады.



Бүгінде Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 100 автокөлікте «Инватакси» қызметтері ұсынылады. 2023 жылдың шілдесінен бастап «Яндекс такси» такси агрегаторы арқылы қызметті іске асыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, бұл мұқтаждарды қамтуды 1,5 мыңнан 2 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.



Бұдан басқа, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы» әлеуметтік жобасын ауқымды ету бойынша шаралар қабылданды. Қала аудандарында 8 орталық ашылды, онда 2023 жылы 6 454 адам қызмет алды. 2023 жылы Алматыда интерактивті қолжетімділік картасына деректерді inva.gov.kz. енгізе отырып, қаланың 7,5 мың нысаны паспортталды.


 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша  +7 705 541 65 40, Аманат Абайұлы Сұлтанғазиевке, ЖӘББ тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысына хабарласу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азамат #теңқоғам #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика