Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда инженерлік желілер жан-жақты жаңғыртылып...

Алматыда инженерлік желілер жан-жақты жаңғыртылып жатыр

Барлығы 10.12.2025, 14:07 561
Алматыда инженерлік желілер жан-жақты жаңғыртылып жатыр
depositphotos.com

Алматы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жан-жақты жаңартуды қолға алып, жылу, электр, су құбыры мен кәріз желісін қайта жаңғыртып, стратегиялық маңызы бар су қабылдау нысандарын сала бастады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев осылай деп, қаладағы жүйелердің тұрақтылығын арттырып, қысқы кезеңге қамдану үшін биыл біраз жұмыс біткенін атап өтті.

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, биыл 39 шақырым жылу желісі мен 17 қазандық қайта жаңғыртылған. Бұл жылу желілерінің тозуын 56,1%-дан 54,3%-ға, қазандықтардың тозуын 65,1%-дан 62,1%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Электр желісін де қатар жаңартып жатыр: 221 шақырым желі жаңарып, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 238 шақырымға жетпек.

330,7 шақырым су құбыры да салынып, 60 шақырымы жаңғырған. Соның арқасында құбырдың тозуы былтырғы 53,8%-бен салыстырғанда 51%-ға төмендеді. Су бұру жүйесінде 306,4 шақырым кәріз желісі салынып, 5,5 шақырымы жаңарды, бұл да тозу деңгейін 49,5%-ға төмендетіп отыр.

Әкімнің орынбасары жаңа су қабылдау нысандарын салуға ерекше тоқталды. Оның айтуынша, «Аксай» су қабылдағышы 95%-ға дайын, ол батыс пен тауға іргелес аудандардағы шамамен 140 мың тұрғынды сумен қамтамасыз етеді. Жауын-шашынды кезеңдегі іске қосу-реттеу жұмысы аяқталғаннан кейін, нысанды 2026 жылдың мамыр айына таман іске қоспақ ойда. «Ерменсай» су қабылдағышы 2026 жылдың қарашасында аяқталып, Бостандық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігін сумен қамтитын болады.

Апаттық жағдайға қатысты пікірінде Сматлаев 13 қарашада Алатау ауданындағы жарықтың өшіп қалғанын да мысалға келтірді. Газ құбырын төсеу кезінде мердігер 110 кВ кабельді зақымдап, 32 мыңнан астам адам жарықсыз қалған. Алайда апат бір тәулікте толық жойылып, 64 млн теңге көлеміндегі шығынды кінәлі ұйым өтейтін болып ұйғарылды.

Әкімнің орынбасары мердігерлерге бақылау күшейіп жатқанын атап өтті: біраз компанияның лицензиясы қайтарып алынды, сотқа 30 талап-арыз дайындалып, енді барлығын салалық басқармалармен келісіп істемекші.  

«Біз жұмыстың сапасы мен мерзімін қамтамасыз ете алатын мықты, тәртіпті мердігерлер пулын қалыптастырып жатырмыз. Алматының инфрақұрылымы сенімді әрі келесі ондаған жылға есептелген болуы тиіс», – дейді Алихан Сматлаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #инженерлік желі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика