AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Якутия халықтарының музыкалық аспаптары к...

Алматыда Якутия халықтарының музыкалық аспаптары көрмесі ашылды

Не? Қайда? Қашан? 23.04.2024, 04:15 1,257 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматыда Якутия халықтарының музыкалық аспаптары көрмесі ашылды
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыдағы Саха (Якутия) Республикасының күндері аясында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Якутия халықтарының музыка және фольклоры музейінің «Ғасырлар үні» жылжымалы көрмесі ашылды. 



Алғаш рет Якутияның XX-XXI ғғ. әйгілі шеберлерінің қолынан шыққан ішекті, ішекті-ыспалы, ұрмалы, шулы аспаптары келушілер назарына ұсынылды. Сондай-ақ көрме дәстүрлі якут әдісі бойынша ағаш, жануарлардың терісі, мүйізі, тұяғы сынды табиғи материалдардан жасалған интерактивті шулы, ұрмалы музыкалық аспаптармен толықтырылды.



Көрменің ашылуында Саха халықтарының музыкалық аспаптары мен шеберлері жайлы лекция және музейлік фильм көрсетілді. Музейге келушілердің интерактивті музыкалық аспаптарды ұстап көруі және оларда ойнап көру мүмкіндігіне ие болуы ерекше қызығушылық тудырады.



Іс-шараның ресми бөлімінде Саха Республикасы Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноев Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне сиксир, ұруға арналған таяқшалары бар кюпсюр, джага, ытыгыйа, хомус және кырымпа кыл кылыһах аспаптарын сыйға тартты.



Салтанатты іс-шарадан кейін музей сахнасында якут халық шебері, мәдениет үздігі, «Кыл Саха» ансамблінің мүшесі Руслан Габышевпен арт-кездесу және Қазақстан, Қырғызстан және Якутиялық дәстүрлі жанр орындаушылары қатысқан әлем эпостарының кездесу кеші өткізілді.




«Ел музейлерінің дамуы, ірі көлемді жоспарлардың жүзеге асыу өзара тиімді ынтымақтастыққа тікелей байланысты екенін атап өткім келеді. Біз қалыптасқан серіктестік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз және алдағы әрекеттестігіміз Саха Республикасы мен Қазақстан Республикасының мәдени байланыстарының нығаюына ықпал етеді деп сенеміз. Якутия халықтарының музыкасы және фольклоры музейі мен Көшпелі музей командасына сәттілік тілей отырып, саха халқының дәстүрлі өнерін сақтау және насихаттау жолында өркендеу мен толағай табыстар тілейміз», – деп атап өтті көрменің ашылу салтанатында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #саха #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);