AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда химиотерапиялық препараттарды робот дайы...

Алматыда химиотерапиялық препараттарды робот дайындай бастады

Медицина 14.07.2025, 11:13 648 Bakyt
Алматыда  химиотерапиялық препараттарды робот дайындай бастады
Сурет видео скрині

Алматыда химиотерапиялық препараттарды дайындау үшін Қазақстандағы алғашқы робот қолданыла бастады

Алматы – онкологиялық науқастарға арналған химиотерапиялық препараттарды дайындауда жоғары технологиялы KiroOncology роботын пайдаланатын Қазақстандағы алғашқы қала, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы онкологиялық орталығында химиотерапиялық препараттарды дайындайтын роботтандырылған жүйе – KiroOncology енгізілді. Бұл жүйе бұған дейін Еуропа мен АҚШ-тың медициналық мекемелерінде қолданылған. Бұл – Қазақстанда мұндай технологияны алғаш рет пайдалану, онкологиялық тәжірибеде автоматтандыру мен қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам.
 
Робот не істейді?  
Роботтандырылған құрылғы:  
- Препарат дозасын дәл есептейді, адам факторын болдырмайды,  
- 360 градустық камера мен кескін базасы арқылы дәрі-дәрмекті анықтайды,,  
- Штрихкодтарды тексеріп, компоненттерді араластыруға дейін және кейін өлшейді,  
- Дозалау мен таңдау қателіктерін болдырмайды,  
- Қауіпті заттармен жанасуды азайта отырып, пайдаланылған материалдарды өздігінен жояды.  
 
Бұл технология дәрі-дәрмектерді қолмен дайындаған кезде бұрын цитотоксикалық заттармен байланысқа түсуге мәжбүр болған медициналық қызметкерлер үшін қауіпті айтарлықтай төмендетеді.

KiroOncology роботы екі механикалық манипулятормен жабдықталған, олар препараттарды флакондарға құю және араластыру процесін орындайды. Процесс аяқталғаннан кейін құрылғы пайдаланылған бөтелкелер мен шприцтерді химиотерапия қалдықтарымен жанасуды болдырмай, автоматты түрде тығыздалатын герметикалық контейнерде жояды.

Орталық жұмысындағы қосымша технологиялар
Роботтан басқа, Алматы Онкологиялық орталығында KiroLink платформасында Kiro Assist жүйесімен жабдықталған BiOptima IT II класты қауіпсіздік ламинарлық бокстары да пайдаланылады. Бұл бокстар цитостатикалық препараттарды қолмен сұйылтуға мүмкіндік береді, бірақ бақылаудың барлық кезеңдерін сақтай отырып: препаратты сәйкестендіру, штрих — кодты тексеру, өлшеу, визуалды бақылау және құжаттау.
 
Көптеген онкологиялық мекемелерде  химиопрепараттар әлі де әдеттегі ламинарлық шкафта дайындалады, бұл қызметкерлер мен науқастар үшін қауіп төндіреді.

Роботтандырылған жүйені енгізу – бұл тек технологиялық жаңалық емес, сонымен қатар Қазақстандағы онкологиялық көмектің қауіпсіздігін, дәлдігін және заманауилығын арттыру жолындағы маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #робот #дәрі-дәрмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика