AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда Халықаралық тау фестивалі өтеді

Алматыда Халықаралық тау фестивалі өтеді

Спорт 25.09.2023, 11:51 1,172
Алматыда Халықаралық тау фестивалі өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жиынға 2000-нан астам адам қатысады. 


29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматыда Халықаралық Almaty Mount Fest тау спорты фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Іс-шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы ұйымдастырып отыр.


Фестиваль өткен жылғыдай жарыстың 4 түрін қамтиды, оған 2 мыңнан астам кәсіпқой спортшы мен белсенді демалысты ұнататын әуесқойлар қатыса алады. Оларға туриада, downhill, skyrunning мен альпиниадада өздерін сынап көру ұсынылып отыр.


Бұдан бөлек, Almaty Mount Fest 2023 ұйымдастырушылары 6 мен 14 жас аралығындағы балалар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап, тауға шығу мен туриаданың арнайы бағыттарын дайындап қойған. Фестивальдің негізгі спорттық және мәдени шаралары "Медеу" мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы шипажайында өтеді.



"Алматылықтар мен оңтүстік астанамыздың қонақтары арасында игі дәстүрге айналған Халықаралық тау спорты фестивалінің өтетінін хабарлауға қуаныштымыз. Алматы шетелдік туристердің келуі жағынан көш бастап тұр, шаһарда саяхаттаушыларға жайлы жағдай мен жақсы мүмкіндіктер жасалған, қала инфрақұрылымы да дамыған", - дейді Алматы қаласының Туризм басқармасы жетекшісі Ғалия Тоқсейітова.



Фестиваль соңында ауқымды іскерлік Форум өтеді. Оның тақырыбына тау туризмін дамытудың жаңа мүмкіндіктері, оның ішінде экологиялық тұрақты саяхаттар, демалысты ұйымдастырудың креативті форматтары, сондай-ақ, таулы аймақтағы инклюзивті туризм мәселелері арқау болады. Пікірталас алаңына қатысатынын Андорра, Франция, Қырғызстан, Ресей, Грузия, Италия мен басқа да елдердің халықаралық сарапшылары растап қойған.


Қатысушыларды тіркеу 22 қыркүйекте басталып, 28 қыркүйекке дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль #тау #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Құрылтай туралы заң жобасы күшіне енеді

Бүгін 11:32

Цифрлық теңге: жаңа ақшаны экономикаға қайтіп кіріктірмек

Бүгін 10:36

Қызылорда облысының жаңа әкімі кім болды?

Бүгін 10:21

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы БҰҰДБ-мен ынтымақтастық мәселелері қаралды

Бүгін 10:01

Бакуда қазақ өнерінің көрмесі ашылды

Бүгін 09:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);