Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықаралық тағылымдама қорытындысы бойын...

Алматыда халықаралық тағылымдама қорытындысы бойынша семинар өтті

Әлеумет 07.11.2024, 11:26 1,175
Алматыда халықаралық тағылымдама қорытындысы бойынша семинар өтті
almaty-akshamy.kz

2024 жылдың 4 қарашасында Алматы қаласында Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде «Халықаралық тағылымдама қорытындысы бойынша жобаларды іске асыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Бұл іс-шара Алматы қаласының Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – халықаралық тағылымдама шеңберінде «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу», «Шаштараз өнері», «Тамақтануды ұйымдастыру» бағыттары бойынша жүргізілген біліктілікті арттыру жобаларының нәтижелерін талқылау және оларды іске асыру жолдарын көрсету.

Семинар барысында үш негізгі бағыт бойынша жобалар ұсынылды:

  1. «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» бағыты бойынша «Корсет бұйымдарының құрылысы және технологиясы» тақырыбында жоба таныстырылды. Жобаның аясында «Киім конструкторы» білім беру бағдарламасы өзектендіріліп, оқу жұмыс бағдарламалары әзірленді. Оқу құралы итальян тілінен аударылып, корсет бұйымдарын жобалау және дайындау бойынша үйірмелер ұйымдастырылды, сонымен қатар әлеуметтік серіктестіктермен ынтымақтастық кеңейту мәселелері қарастырылды.

  2. «Шаштараз өнері» бағыты бойынша «Шашты ұзарту түрлері» тақырыбында жоба ұсынылды. Бұл жобада шашты ұзарту бойынша кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламалары әзірленіп, студенттерге үйірмелер мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, педагогтерді оқыту және әлеуметтік серіктестік базасын кеңейту мәселелері қозғалды.

  3. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыты бойынша «Пайдалы тамақтану мен мектептегі тамақтануға қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында жоба таныстырылды. Бұл жобада мектеп және диеталық тамақтану, сондай-ақ түрлі ассортименттегі шоколад өнімдері бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді. Студенттерді кәсіби конкурстарға дайындау және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық орнату жұмыстары жүргізілуде.

Семинардың қорытындысы бойынша, халықаралық тәжірибелерді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру және студенттерді заманауи кәсіптік стандарттарға сәйкес даярлау бағытында жұмыстарды одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#киім #Семинар #тамақтану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

Бүгін 10:35

Бір дәруменнің тапшылығы аурудың ауыр өту қаупін арттыруы мүмкін

Бүгін 10:29

QyzPU-да KazChessLab инновациялық зертханасы ашылды

Бүгін 09:42

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 09:32

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Кеше 21:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі