Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықаралық сауданың болашағы мен дамуы т...

Алматыда халықаралық сауданың болашағы мен дамуы туралы Кәсіпкерлер палатасында айтылды

Әлеумет 30.10.2023, 05:58 1,321
Алматыда халықаралық сауданың болашағы мен дамуы туралы Кәсіпкерлер палатасында айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті, онда Алматының халықаралық саудадағы рөлі туралы айтылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Алматы - Қазақстанның ірі қалалық экономикасы бар қаржы мегаполисі, сонымен қатар ол негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша көш басында. Біздің қала ЖІӨ-нің бестен бір бөлігін, ел бюджеті түсімдерінің төрттен бір бөлігін құрайды, сондықтан да ол экономикалық орталық болып саналады. Қала экономикасының ЖӨӨ құрылымында сауда және қызмет көрсету салалары басым болып тұр, олардың үлесі 86,1% - құрайды», - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Айнұр Баспақова.



Спикердің айтуынша, қала экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды - 57,5%, онда 869 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 83%-ы жұмыс істейді. 2022 жылы шығарылған ШОК өнімінің көлемі 15,7 трлн теңгені құрады, өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі (НКИ) – 131,1%.


Сонымен қатар, А. Баспақова атап өткендей, бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдарының кең жиынтығы тартылды.


2023 жылғы қаңтар-мамырда республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмағы Алматы (31,4%) және Астана (12,2%) қалаларына, сондай-ақ Қарағанды (7,7%) және Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарына тиесілі.



«Алматы еліміздің сауда қатынастары орталығы. Мұнда сауда, қызмет көрсету, өндіріс салаларында Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ең көп саны шоғырланған. Шет мемлекеттердің барлық бас елшіліктері Алматыда орналасқан, біз олармен достық, серіктестік қатынастар орнаттық, олармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасаймыз, ақпарат алмасамыз, бірлескен кеңестерге қатысамыз, іс - шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесеміз, шетелдік компанияларға қолдау көрсетеміз, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін ынтымақтасамыз», - деп жалғастырды А.Баспақова.



Мәселен, жыл басынан бері Кәсіпкерлер Палатасы Қытайдың 7 провинциясының сауда палаталарының өкілдіктерімен, сауда палаталарымен, соның ішінде Фейсалабад, Лахор (Пәкістан) қаласындағы әйелдер сауда палаталарымен меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен өзара қарым-қатынастар белсенді түрде орнатылуда, Вьетнам, Индонезия, Таиланд өкілдерімен кездесулер мен іс-шаралар өткізілді. 2 қарашада Малайзия делегациясымен кездесу өтеді. Таяу Шығыс, Еуропа, ТМД, АҚШ елдерімен ынтымақтастық орнады.


Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы қазақстандық кәсіпкерлердің халықаралық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу үшін халықаралық іс-шаралар: форумдар, конференциялар, B2B кездесулер ұйымдастырады және өткізеді.



«Біз шетелдік делегациялардың өкілдерімен бірінші болып кездесеміз, оларға біздің еліміздегі мүмкіндіктерді таныстырамыз және біздің кәсіпкерлер кез келген уақытта бізге хабарласып, белгілі бір елмен өз бизнесін дамыту мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады. Біз сауда серіктестерін іздеу, экспортқа шығу үшін консультациялық қызметтер көрсетеміз. Kazakh Export және QazTrade ұлттық компаниялары отандық өндірушілерге экспортта қолдау көрсетеді. Қазақинвест инвестициялық жобалар мен инвесторларға тікелей қолдау көрсетеді», - деп толықтырды спикер.



Осы жылдың 1 қарашасында Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының, Сауда және консалтингтік компаниялар қауымдастығының қолдауымен Алматыда сауда туралы, халықаралық сауда туралы мамандандырылған іс – шара-Tradex халықаралық сауда форумы өтеді, онда жеткізу тізбегі, сауда саясатындағы үрдістер, логистика, электрондық коммерция, франчайзинг мәселелері талқыланады. Іс-шараға 500-ден астам кәсіпкер қатысуды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіпкер #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өрт дабылқаққышы көпбалалы отбасыны тілсіз жаудан аман алып қалды

Бүгін 11:03

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 10:46

Төтенше жағдай: Ақмола облысында Шөптікөл бөгеті бұзылды

Бүгін 10:21

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

Бүгін 10:04

Атырауда Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа деректер жария болды

Бүгін 09:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика