ffin.kz

Алматыда халықаралық мансап жәрмеңкесі өтті

Алматыда халықаралық мансап жәрмеңкесі өтті Сурет: Қайрат Қонысбаев

Алматы қаласында жұмыс берушілер мен болашағы жарқын жастардың басын қосқан TalentforBIZ мансап жәрмеңкесі өтті.

Қазақстанда осымен екінші рет ұйымдастырылған жобаны 2019 жылдан бастап Түркия Республикасының Президенті жанындағы Кадр басқармасы жүзеге асырып келеді.

TalentforBIZ – оқу бітіріп, қолына дипломын алған жас мамандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ұсынып келе жатқан ауқымды іс-шара. Бұл жоба беделді түрік компанияларына әлемдік деңгейде жұмыс істейтін қазақстандық жастарды екі елде де жұмысқа орналастырып, тағылымдамадан өту және білім алу сияқты әртүрлі мансаптық мүмкіндіктерді ұсынып отыр.  Осы уақытқа дейін әлемнің 10 елінде 15 рет өткен шара Қазақстаннан кейін өзге де халықаралық орталықтарда жалғасын табады.

Жәрмеңкеге жиырмаға жуық жұмыс беруші қатысты. Атап айтқанда, Turkish Airlines, Түрік аэроғарыш өнеркәсібі, Aselsan, Havelsan, Halk Bankası, Türk Telekom, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін Abdi İbrahim, Esan Eczacıbaşı, Ziraat Bankası және Pro Yapı компаниялары қатысты.  Көрмеге келген жас мамандардың қабылет-қарымын қарап, түйіндемесін көргеннен кейін бос жұмыс орнын ұсынды.

Түркия Республикасы Президент басқармасы Мансап орталығының басшысы, доцент, доктор Салим Алтай Түркиядан арнайы келіп, қатысты. Сондай-ақ, Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мүддересоғлу жәрмеңкеге қатысқан жұмыс беруші мекемелерге алғысын білдіріп, жастарға сәттілік тіледі.

«Осы шараны 2019 жылы дәл осы жерде ұйымдастырған едік. Ол уақыттан бері Алматы қатты өзгерген. Біздің мақсат – қазақстандық жастарды Түркияға немесе басқа елге алып кету емес. Қазақстан – біздің атажұртымыз, Түркия да екінші отанымыз саналады. Жастар арасында  мәдени байланысты дамыту үшін әртүрлі шаралар ұйымдастыру керек. Бүгін күні бойы компаниялар мен жұмыс берушілер сұхбаттасып,  
ұсынылған бос орындармен танысады, өз түйіндемелерін қалдырады. Екі тарапқа да пайдалы боларына сенеміз», - дейді Салим Алтай.

Бас консул Эврен Мүддересоғлу да  Қазақстан мен Түркия қоғамның барлық саласында, әсіресе, білім беру, сауда және экономикада берік байланыс орнатқанын айта келе,  экономика саласындағы сауда көлемі 1992 жылы небәрі 100 миллион доллар құраса, ал 2023 жылдың соңында 6 млрд.  доллардан асқанын мәлімдеді.  

«Ендігі мақсат – екіжақсы сауда көлемін қысқа мерзім ішінде 10 млрд. долларға жеткізу. 
Аталмыш жоба жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып, жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Әлемнің түкпір түкпірінен келген талантты жастарға халықаралық деңгейде жұмыс істейтін түрік компаниялары туралы ақпарат беру үшін өткізіледі. Біздің танымал жұмыс беруші компаниялармен сұхбаттасып, жарнамалық кездесулер ұйымдастырылады. Мекемелер бос жұмыс орнын ұсынып, жұмысқа орналасуға және тағылымдамаға өтінімдер қабылдайды», - деді Бас консул.  

Мансап жәрмеңкесіне өзіне лайық жұмыс іздей келген Мадияр

«Жақында Түркия еліне барып, алты ай тәжірибе жинап келдім. Халықаралық қатынастар мамандығында оқимын. Сондықтан осындай жәрмеңкелердің қаламызда өтуі мен үшін маңызды. Бұл жерде әлемдік деңгейде танымал компаниялармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алдым. Жұмыс берушілердің талаптарын тыңдап, сұхбаттастық. Әзірге екі жұмыс беруші мекеме көңілге қонымды», - дейді Тұран унисерситетінің студенті Мадияр Ерланұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30