AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда халықаралық геосаясат пен түркі интеграци...

Алматыда халықаралық геосаясат пен түркі интеграциясы талқыланды

Алматы Бүгін 15:23 50 yakiya
Алматыда халықаралық геосаясат пен түркі интеграциясы талқыланды

2026 жылғы 29–30 сәуірде Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық Азия – Оңтүстік Кавказ – Таяу Шығыс» үштағанындағы қауіпсіздік, геосаясат және түркі интеграциясы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде гибридті форматта ұйымдастырылған іс-шараға 100-ге жуық қатысушы қатысты. Конференция барысында халықаралық қатынастар, аймақтық қауіпсіздік, терроризм, көші-қон, су ресурстары, жасанды интеллекттің ықпалы, түркі мемлекеттерінің интеграциялық үдерістері, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздері мен логистика саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Бағдарлама аясында бірнеше панельдік сессия өтіп, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Ғылымды халықаралық дамыту орталығы бас директорының орынбасары, қазақстандық сарапшы Олег Балыбекович Эсеновтің айтуынша, мұндай конференциялар өңірлік қауіпсіздік пен геосаяси өзгерістерді ғылыми тұрғыда сараптауға мүмкіндік береді.

– Қауіпсіздік, көлік дәліздерінің тиімділігі, түркі интеграциясы сияқты мәселелер бүгінде өте өзекті. Әсіресе түркі әлемінің өкілдері үшін аймақтық ықпалдастық пен ортақ ұстаным қалыптастырудың маңызы зор. Мұндай алаңдар ғылыми-академиялық ортада өңірлік интеграция мен экономикалық үдерістерге қатысты ортақ көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді, – деді ол.

Ыстамбұл университетінің профессоры, түркиялық сарапшы Айна Аскероглу Арслан Түркияның қазіргі халықаралық жағдайда бейбіт саясат ұстанып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Түркия дағдарыс аймақтарындағы халықтарға гуманитарлық қолдау көрсетіп қана қоймай, қақтығыстарды шешуде арағайындық миссия атқаруға да күш салып келеді.

– Түркия – жауапты әрі қамқор мемлекет. Соғыс кезінде Сирия халқына есігін ашып, жылдар бойы пана болды. Бұл – әлемде сирек кездесетін тәжірибелердің бірі. Түркия қысқа уақыт ішінде ең көп босқын қабылдаған елдердің біріне айналды. Мұндай жағдайды еңсере алуы – оның мықты мемлекеттік дәстүрінің көрінісі, – деді профессор.

Айна Аскероглу Арсланның пікірінше, әлем жылдам өзгеріп жатқан қазіргі кезеңде мемлекеттер арасында өзара түсіністік пен сабырлылық аса қажет. Ол бейбіт саясатпен қатар экономикалық тұрақтылықтың да маңызды екенін айтты.

– Бүгінде біздің айналамызда түрлі қақтығыстар болып жатыр. Мұндай жағдайда бейбіт саясатпен бірге экономикалық көрсеткіштердің тұрақты болуы маңызды. Мемлекеттер де, халықтар да бір-біріне түсіністікпен қарауы керек. Түркия әрдайым бейбіт саясат ұстанып келеді және бұл бағытты жалғастыра береді, – деді ол.

Сарапшы экологиялық мәселелерге де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, су тапшылығы, Арал теңізі, Каспий теңізі және энергия қауіпсіздігі сияқты проблемалар бір ғана елдің емес, бүкіл өңірдің ортақ мәселесі.

– Экологиялық қиындықтар белгілі бір елді ғана қамтымайды. Бұл – бүкіл ғаламшарға ортақ проблема. Егер су тапшылығы мен экологиялық мәселелер дер кезінде шешілмесе, олар құрғақшылыққа, аштыққа, тіпті су үшін қақтығыстарға алып келуі мүмкін. Сондықтан мұндай түйткілдерді бірлескен жобалар арқылы шешу қажет, – деді Айна Аскероглу Арслан.

Конференцияға қатысқан сарапшылар қазіргі геосаяси тұрақсыздық күшейіп, әлемдік тәртіп өзгеріп жатқан кезеңде Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыс өңірлеріне қатысты мәселелерді ашық талқылаудың маңызы жоғары екенін атап өтті. Түрлі елден келген спикерлер өңірлік ықпалдастықтың экономикалық, саяси, әскери және қауіпсіздік салаларына әсерін сөз етіп, өзара байланыстардың болашағы, мүмкіндіктері мен сын-қатерлері туралы ойларын бөлісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті: Қазақтың тазысы ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі

Бүгін 16:21

Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады

Бүгін 16:16

Тоқаев Ясутоши Нишимураны қабылдады

Бүгін 16:04

Абай университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі» болып өтті

Бүгін 15:09

Алматыда V «Гүл Алматы – 2026» хор өнері фестивалі өтеді

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика