AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда халық суретшілерінің құрметіне көрме ашыл...

Алматыда халық суретшілерінің құрметіне көрме ашылды

Не? Қайда? Қашан? 05.12.2024, 09:15 1,585 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматыда халық суретшілерінің құрметіне көрме ашылды
ҚР Мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаилованың 95 жылдығына арналған  «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» атты Республикалық есептік көрмесі ашылды.
 
Көрмеде 200-ден астам кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер саласы бойынша қазақстандық суретшілердің шығармашылық туындылары ұсынылды. Республикалық көрмеге Алматы, Алматы облысы, Астана, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Түркістан, Шымкент өңірінен 150-ге жуық суретшілер қатысып отыр.

Қазақстан суретшілері маңызы мен мәні жоғалмаған қазақ бейнелеу өнері қай заман болса да ұлттық қасиеттің болмысын, ондағы дүниетанымдық дәстүрлі көзқарасты сақтап келеді. Қазақ бейнелеу өнерінің өркен жайып, әлемдік өнердің аренасында ұлттық тілмен танылуымызға суретшілеріміздің сіңірген ерен еңбегі орасан деп білеміз. 

Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін, өзіндік жеке тұлғалық қолтаңбасымен өнер тарихында із қалдырған саңлақтардың мерейтойларына орай көрмені ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

Бүгінгі таңда ХХІ ғасырдың суретшілері ұлттық өнер мектебінің дамуына қандай үлес қосуда;
- Қазіргі таңдағы қоғам өміріндегі коммерциялық құрамдас бөліктен арылу және жаңа міндеттерді ашу, өзекті пластикалық идеяларды қалыптастыру;
- Адам мен қоғам арасындағы өзіндік дамуының жаңа тарихи кезеңіне шығу маңыздылығы.

— Аталмыш көрменің тұжырымдамасына сәйкес, суретшілер шығармашылығындағы туындыларда уақыт пен кеңістік ағымының ақиқаты, ұлттық рухтың тынысы, елдің мақсат-мұраты баяндалады. Экспозицияда көрермен түрлі жанрда әр қырынан көрініс тапқан, композициялық және колориттік шешімде, креативті ой-тұжырымда айқындалған динамикалық үндестік пен өзара тұтас, терең мағыналы туындылардың куәсі бола алады, — дейді көрме жетекшісі Гүлнар Жұбаниязова.

Көрме желтоқсанның 13-іне дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әбілхан Қастеев #Көрме #Үкі Әжиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);