AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ғылым және технология мәселелері жөніндег...

Алматыда ғылым және технология мәселелері жөніндегі кеңес өтті

Барлығы 11.09.2025, 09:06 761 Сұлу
Алматыда ғылым және технология мәселелері жөніндегі кеңес өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Әкімдік жанындағы Ғылым және технологиялар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары және жас ғалымдар қатысты. Кеңес Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде инновациялық экожүйені дамыту мақсатында құрылды.

Дархан Сатыбалды Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған міндеттердің өзектілігін атап өтті. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, жаңа салаларды дамыту және ғылым мен технология үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. 

«Жаһандық өзгерістер жағдайында Алматының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оның әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Жиында жасанды интеллект тақырыбына айрықша назар аударылды. Ел Президенті арнайы министрлік құру және AI технологияларын экономиканың барлық саласына кеңінен енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Дархан Сатыбалдының айтуынша, бұл бастама Алматы үшін стратегиялық маңызға ие. Елдегі 254 инновациялық компанияның 52-сі осында орналасқандықтан да қала - еліміздің жетекші IT-хабы саналады. «Бұл Алматының жаңа технологияларды енгізу мен сынақтан өткізу әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, цифрлық технологиялардың экономиканы жаңғыртуға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамытуға зор мүмкіндік ашатыны аталды.

Маңызды бағыттардың бірі – кадр даярлау. Әкімнің айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту оқу бағдарламаларын өндірістің нақты сұраныстарына сәйкестендіруге жол ашады. Ал ғылымды коммерцияландыру «еңбек өнімділігін арттыруға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді».

Алматыдағы ғылыми қызметтің негізгі бағыттары ретінде экология, сейсмика, зияткерлік әлеует, инфрақұрылым және көші-қон үдерістері айқындалды.

«Қалада жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін жергілікті ғылыми институттар мен ғалымдардың қолданбалы зерттеулері мен идеяларын белсенді түрде енгізу маңызды», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Жиын бұл мәселелерді жүйелі түрде зерттеп, инновациялық шешімдер әзірлеуді көздей отырып, әлемдік озық тәжірибелер мен отандық стартаптарға сүйенеді.

«Алматы басқа қалаларға үлгі болып, жаңа идеялар мен үздік тәжірибелердің қайнар көзіне айналуы тиіс», – деп түйіндеді қала әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #ғалым #жолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);