конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «ГҮЛ АЛМАТЫ. FLOWER CITY» атты хор фестив...

Алматыда «ГҮЛ АЛМАТЫ. FLOWER CITY» атты хор фестивалі өтті

Мәдени Алматы 02.05.2025, 15:23 1,368
Алматыда «ГҮЛ АЛМАТЫ. FLOWER CITY» атты хор фестивалі өтті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Гүл Алматы.

«Flower city» фестивалінің-концерті өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Филармонияда биыл дәстүрлі түрде төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған фестивальдің мақсаты - еліміздегі балалар хорын дамытып, жас таланттардың танылуына ықпал ету. Фестивальде Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің қыздар хоры арнайы қонақ болып, концертте өнер көрсетті. 

-Бүгін филармониямыздың үлкен залында дәстүрлі түрде төртінші рет «Гүл Алматы» фестивалінің концерті өтіп жатыр. Фестивальге қаламыздағы ең үздік, кәсіби деңгейлері биік балалар хоры өнерлерін көрсетті. Мемлекеттік хор капелласы әрқашан балаларға қолдау берер фестивальді қуана-қуана өткіземіз. Гүл Алматымыз өркендей берсін, - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.

Фестиваль қатысушылары «Қоӊырау» кіші хоры, «Көкек» балалар хоры, «Ақ тілек» ұлдар хоры және тағы да басқа балалар мен жасөспірімдердің орындаушылар тобы ірі ұжым Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласымен бір сахнада өнер көрсетті.

-Фестивальге біз 2023-ші жылдан бері шақырту алып, балалар өз өнерлерін көрсетіп келеді. Дәстүрлі түрде болғандықтан, біз сағына, үлкен дайындықпен күтеміз. Өзімнің және «Ақ тілек» балалар хоры атынан ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Жасөспірім таланттарға қолдау берер «Гүл Алматы» фестивалінің ғұмыры ұзақ болса екен деген тілек білдіремін, - дейді А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ «Ақ тілек» ұлдар хорының жетекшісі Айнура Уалиханқызы.

Фестиваль – тек концерт емес, бұл – балалар мен жасөспірімдердің бойындағы шығармашылықты оятатын, оларды сахна мәдениетіне, өзара достық пен ынтымаққа баулитын тәрбиелік мәні зор өнер мерекесі. Халықтар достығы, бейбітшілік пен бірлік, дарынды жас ұрпақтың болашағына сенім — мерекелік кештің негізгі идеясы болды.

-Біз бүгінгі фестивальде Моцарттың, Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» шығармасын орындаймыз. Фестивальге биыл да қатысатынымызды естігенде қуанып, қызу дайындықпен келдік, - дейді  «Ақ тілек» ұлдар хорының орындаушысы Зияш Абдуллакбар.

Концерттік бағдарламада қазақ және әлем классиктерінің туындылары, заманауи авторлық композициялар мен түрлі этностардың музыкалық мұрасы орындалды. Концерт соңында фестивальге қатысушы барлық ұжымдарға ұйымдастырушылар атынан алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Қара шаңырақ қабырғасында әлі де жасөспірім таланттардың өнер жолына қолдау берер жоба жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Гүл Алматы #хор #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2027-2029 жылдары Қазақстанның ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 5%-дан жоғары болады

Бүгін 09:31

Үкімет Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

Бүгін 09:03

Алматыда педагог-психологтердің қалалық тамыз кеңесі өтті

Бүгін 08:32

Алматыда 1 930 рет жол ережесі бұзылды

Бүгін 08:31

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

Кеше 23:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);