Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
16 тамызда Алматыда Спорт күні аясында әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады.
Қатысушылар үш қашықтық бойынша сынға түседі: Gran Fondo – 95 шақырым, Media Fondo – 50 шақырым және Mountainbike – 37 шақырым. Барлық санат бойынша топтық жарыс сағат 06:00-де басталады.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер мен әйелдер арасында абсолютті есепте жеңіске жеткен спортшылар әлем чемпионы атағына ие болады. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі сағат 11:00-ге жоспарланған.
Күні: 2026 жылғы 16 тамыз
Басталуы: 06:00
Өтетін орны: әл-Фараби даңғылы, 40, Halyk Bank автотұрағы
Марапаттау рәсімі: 11:00