Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда газ толтыру пункттері мен автогаз құю ста...

Алматыда газ толтыру пункттері мен автогаз құю станциялары тексерілуде

Әлеумет 24.12.2021, 07:38 1,059
Алматыда газ толтыру пункттері мен автогаз құю станциялары тексерілуде
almaty-akshamy.kz

Автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға қатаң тыйым салынады


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әділ Қатубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Әділ Қатубаев атап өткендей, олардың ведомствосы газ толтыру пункттерін, сұйытылған мұнай газының автогаз құю станцияларын және басқа да көптеген объектілерді пайдаланатын газ желісі ұйымдарының объектілерін газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.


Спикердің айтуынша, тыйым салынғанына қарамастан, газ құю станцияларының кейбір иелері отынды тұрмыстық баллондарға толтыруды жалғастыруда. Мамандар газ жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзушыларды жазаламақшы.



«Наурыз айының басынан бастап біздің қызметкерлер жергілікті полиция қызметімен, ТЖД, тұрғын үй саясаты басқармасымен бірлесіп газ баллондарын пайдаланатын базарларды, СОО, қоғамдық тамақтану орындарын тексеруге қатысты. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тұтынушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары.



Әділ Қатубаев екі қабаттан жоғары тұрғын үйлердің пәтерлеріне тұрмыстық баллондарды орналастыруға және пайдалануға тыйым салынатынын, сондай-ақ автогаз құю станцияларында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға қатаң тыйым салынғанын еске салды.


Спикер баллондарды АГҚС-та толтыруға тыйым салынғанын, себебі онда салмақтық бақылау жоқ екенін айтты. Баллондар толып кетеді. Ал баллондарды жылы үй-жайға орналастырған кезде, газ ұлғаяды, бұл баллондардың жарылуына әкеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Автокөлік #газбалоны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика