AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ғалым Әбдімәлік Нысанбаев пен суретші Саб...

Алматыда ғалым Әбдімәлік Нысанбаев пен суретші Сабыр Мәмбеевтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Әлеумет 04.05.2024, 04:53 1,116
Алматыда ғалым Әбдімәлік Нысанбаев пен суретші Сабыр Мәмбеевтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдімәлік Нысанбаевтың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халық суретшісі, мемлекет және қоғам қайраткері Сабыр Мәмбеевтің құрметіне мемориалдық тақталар ашылды. Ескерткіш тақтайшалар олар тұрған үйде орнатылды.



Әбдімәлік Нысанбаевтың өмірінің көп бөлігі Философия және құқық институтымен тығыз байланысты. Мұнда ол аға зертханашыдан директорға дейін көтерілді. Әбдімәлік Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік жұмыстың, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазды. Бірқатар еңбектер 25 шет тілінде жарық көрді. 


Академиктің негізгі зерттеу жұмысы диалектика мен таным теориясы, ғылым философиясы мен әдіснамасы, қазақ және түркі философиясы, әлеуметтік және саяси философия, саясаттану мен мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол ғылым мектебін құрып, көптеген PhD докторлары мен кандидаттарын дайындады.



«Әбдімәлік Нысанбайұлы өзінің бүкіл саналы өмірін ғылымға арнады. Ол Қазақстан Республикасы мен шет елдердің беделді наградаларымен марапатталды. Ол ұлт руханиятының дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым ретінде халқымыздың жүрегінде мәңгі қалады», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.


Айта кетейік, Сабыр Мәмбеев 1946 жылы Алматы көркемсурет училищесін, содан кейін И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын тәмамдады. Қазақстан Суретшілер одағын басқарып, оқытушылық қызметті қатар алып жүрді. Оның көптеген жұмысы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында сақталған. Ең үздік картиналары «Тауда» (1957), «Киіз үйде» (1958). Ескерткіш тақта Еңбек сіңірген өнер қайраткері тұрған Назарбаев даңғылындағы №128 үйде орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #академик #суретші #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);