AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Филармония жас суретшілер көзімен» атты...

Алматыда «Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесі өтті

Мәдениет 30.05.2025, 20:25 819 Сұлу
 Алматыда «Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесі өтті
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығы және Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойларына орай суретші студент жастардың өнерін насихаттау мақсатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжі және О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік - қолданбалы өнер колледждерінің бірлескен «Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесі қойылды. 

26-30 мамыр аралығында ұйымдастырылған пленэрде екі өнер колледжінен іріктеліп алынған 10 студент ғасырға жуық тарихы бар филармония ғимаратының іші мен сыртқы көрінісін өзіндік көзқарастарымен композицияларына ұсынды. Жас суретшілердің салған шығармашылық туындылары  филармония фойесіне қойылып, атаулы мерейтойлар тақырыбында көрме жасалды. Шарада ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Сырлашұлы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Серікбай Әлжанов, Мәдениет саласының үздігі Мәлік Әуезханұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Жұмақын Қайрамбаев, кескіндеме өнерінің қайраткерлері жас суретшілердің туындыларын бағалап, шығармашылық шабыт сыйлады.  

«Филармония жас суретшілер көзімен» жобасы – мәдениет пен өнер саласындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың және жас дарындарды қолдау ісінің бір бағытының айқын көрінісі. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында қара шаңырақта әлі де игі бастамалар жалғасын табады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Филармония #Жамбыл атындағы филармония #суретші #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика