AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда фармацевтер құрамында есірткісі бар дәріл...

Алматыда фармацевтер құрамында есірткісі бар дәрілерді рецептсіз сатқан

Заң мен тəртіп 27.08.2022, 11:44 1,143
Алматыда фармацевтер құрамында есірткісі бар дәрілерді рецептсіз сатқан
Сурет: Polisia.kz

Алматыда фармацевтер құрамында есірткісі бар дәрілерді рецептсіз сатқан.


Дәріхана нашақорлығымен тек полиция қызметкерлері ғана емес, дәріхана есірткілерін сататын орындар жайлы белгі беріп отырған Алматы тұрғындары да белсенді түрде күресуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Хабар түскеннен кейін біздің бөлімшенің қызметкерлері Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты ПБ-ның әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар барысында тропикамид препаратын рецептсіз сату дерегі анықталды. 48 жастағы И. есімді азамат және осы дәріхананың фармацевті ұсталды. Ал қаланың Жетісу ауданында алдын алу шаралары аясында дәріхана есірткісін сатудың тағы бір дерегі анықталды. Мұнда 43 жастағы Алатау ауданының тұрғыны Ш. есімді азамат ұсталды. "Айнабұлақ" ықшамауданында орналасқан дәріхананың фармацевті рецептсіз 3 дана көлеміндегі SAMNOL препаратын берген», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Спикердің айтуынша, сатушылар мен сатып алушылар жауапкершілікке тартылды. Дәрілік заттарды рецептсіз сату дерегі ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша тіркелді.


Құрамында есірткісі бар препараттарды заңсыз сату және рецептсіз сату деректерін анықтау бойынша тұрақты түрде рейдтер жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Қазір мұндай дәрілерді таратқаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленуде, – деді Әлмағамбетов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #фармацевтер #дәрі #рецептсіз сату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);