конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдері референд...

Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдері референдумды қолдады

Референдум 02.03.2026, 16:13 263 dulatbekova
Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдері референдумды қолдады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен алдағы референдум туралы түсіндірме берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа Конституция жобасына тоқталған сенатор бұл жай ғана формалды түзетулер емес, Негізгі заңды жүйелі түрде жаңарту екенін атап өтті.

6-бапқа қатысты ол идеологиялық және саяси әртүрліліктің бекітілуімен қатар, елдің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау қағидалары көрініс тапқанын айтты. 9-бапта қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі сақталып, сонымен бірге Қазақстан халқының тілдері аталғаны елдің көпұлтты сипатын көрсететінін жеткізді.

Сондай-ақ адам құқықтарының кепілдіктеріне ерекше назар аударылды. 19-бапта қорғану құқығы, өзіне қарсы куәлік бермеу және бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға тыйым салу нормалары бекітілгені айтылды. 21-бапта жеке өмірге қол сұқпау, жеке деректерді, банк құпиясын және хат-хабар алмасу құпиясын қорғау мәселелері қамтылған.

Кездесу барысында сөз бостандығы, еңбек ету құқығы және отбасы институтын қорғау нормалары да талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ұсынылған өзгерістер жөнінде пікір алмасып, ұлтаралық келісімді сақтау маңызын атап өтті және референдумға қатысуға шақырды.

Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #этномәдени бірлестіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жыл басынан бері 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды

Бүгін 11:51

Алматының Туризм басқармасы 2027 жылдың соңына дейін қалаға 110 мыңға дейін турист тартуды жоспарлап отыр

Бүгін 11:43

Алматыда Шухов атындағы скверде жасыл аймақ пен спорттық инфрақұрылым жаңартылып жатыр

Бүгін 11:37

Түркістан облысында Қырғызстаннан жеткізілген контрабандалық темекі тәркіленді

Бүгін 11:17

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кеткен

Бүгін 09:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);