Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Ескендір Хасанғалиевті еске алу кеші өтті

Алматыда Ескендір Хасанғалиевті еске алу кеші өтті

Мәдениет 10.02.2023, 16:00 1,573
Алматыда Ескендір Хасанғалиевті еске алу кеші өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Кеште композитордың 20-ға жуық ән, романс және хор шығармасы орындалды


Хасанғалиевтің шығармашылығына арналған «Асыл арман» атты еске алу кеші өтті. Кештің басты ерекшелігі - даңқты композитордың 20-ға жуық ән, романс және хор шығармасын театрдың әртістері орындап шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv -ге сілтеме жасап.


«Ескірмеген махаббат» деп ел есінде еңселі бейнесі сақталған дарынды тұлғаны еске алуға келген елдің қарасы қалың болды. Атамекенін әніне қосып, маңдайынан ескен самалды халқының алақаны деп білген біртуар сазгердің әрбір әнін жұрт емірене тыңдап отырды.



«Ескендір ағамыздың туындысының ерекшелігі –  кез келген әнін классикалық үлгімен орындай беруге болады. «Ескендір ағамыздың әні тек эстрадаға арналған» деп ойлауы мүмкін. Негізінде олай емес. Қазақ барда Ескендір ағамыздың аты өшпейтініне мен кәміл сенемін», – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Бөкебаев.



Кеште XX ғасырдың соңында өнерге лирикалық леп берген есті әндер де орындалды. Асқан жауапкершілікті талап ететін күрделі шығармаларды ұйымдастырушылар біраз уақыттан бері шыңдаған екен. Ондағы мақсат – сазгердің туындыларын өскелең ұрпаққа сіңіру.



«Консерваторияда, Астанадағы музыкалық академияда емтиханда, акадамиялық концертте Ескендір ағамыздың романстарын қосып жүр. Мемлекеттік экзаменде де Ескендір ағамыздың әндері орындалып жүр», – деді Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының әншісі Болат Бөкенов.



«Кешті Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұйымдастырып отыр. Ескендір Хасанғалиевтің бұрын естілмеген ән, романстары орындалды. «Атамекен» әнімен аяқталады екен, сол финалда  опералық әншілерді сүйемелдеп, рояльда орындайтын боламын», – деді Е. Хасанғалиевтың ұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев.


Ұлтының жанын тербетіп, сезімін оятқан атақты композитор қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының өлеңіне көптеген ән жазғаны белгілі. Осындай ер есімі жыл өткен сайын ел есінде жатталып, мәңгілік өмір сүрері шүбәсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ескендір Хасанғалиев #Концерт #еске алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика