AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда есірткіге қарсы айлық аясында 158 кг есір...

Алматыда есірткіге қарсы айлық аясында 158 кг есірткі тәркіленіп, 5 есірткі зертханасы жойылды

Заң мен тəртіп 14.06.2024, 13:22 793 Bakyt
Алматыда есірткіге қарсы айлық аясында 158 кг есірткі тәркіленіп, 5 есірткі зертханасы жойылды
almaty-akshamy.kz

Алматы. AQSHAMNEWS. KZ  Алматы қаласының полициясы есірткіге қарсы айлықты бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2024 жылдың 5 айында Алматы аумағында полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 264 құқық бұзушылықты анықтаған. Есірткі сатудың 116 фактісінің жолы кесілді. 158 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді және заңсыз айналымға жіберілмеді.

«Бүгінгі таңда жаһандық проблемалардың бірі синтетикалық препараттар мен оларды өндіруге арналған зертханалар болып отыр. Алматы полициясы жүргізген жедел және арнайы іс - шаралардың нәтижесінде 5 есірткі лабораториясы жойылды», - деді Дәурен Көбеев.

Сонымен қатар, электронды төлемдерді қолдана отырып, интернет арқылы байланыссыз әдіс арқылы синтетикалық есірткіні тарату үрдісі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 41 есірткі қойып кетушіні ұстады.

Есірткіні тарататын және жарнамалайтын 337 интернет-ресурс анықталды және бұғатталды.

Жалпы жедел-іздестіру іс-шараларымен қатар, Алматы полициясы нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Жыл басынан бері мегаполисте тәртіп сақшылары  есірткіге қарсы 242 профилактикалық іс-шара өткізді.

«Наркостоп» қозғалысының еріктілерімен бірлесіп, есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3 мың 651 граффити суреті табылып, үстін бояп тастау арқылы жойылды. 

Ол Алматы полициясы нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні аясында есірткіге қарсы айлықты бастағанын атап өтті.

Полицейлер мен нарколог-дәрігерлер алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында темекі өнімдерін, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың зияндылығы және олардың салдары туралы дәрістер, семинарлар, тренингтер циклін өткізеді.Аталған айлықтың ұранымен Алматы полициясы 10 жастан асқан аудиторияға арналған әлеуметтік роликті таныстырады. Ол айтылуы тиіс негізгі ойдың жасөспірімдерге қол жетімді болуы үшін танымал «Minecraft» балалар ойынының форматында жасалған.    

Мемлекет басшысы мен Үкімет есірткіге қарсы нақты және дәйекті стратегия жүргізуде, оның шеңберінде нашақорлықтың алдын алуға, ескерту жасауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар жобалар іске қосылды.

«Біздің ортақ мақсатымыз - есірткісіз болашақты құру. Бүгінде біз есірткіге қарсы күресті мемлекеттік органдар ғана емес, тақырыптық іс – шараларға Қоғамдық қозғалыстар мен азаматтық қоғамдастықтың қатысуы мен қолдауы-біздің бірлескен күресіміз де бар екенін көріп отырмыз. Ортақ күш – жігермен біз жастарымызды өлімге әкелетін тәуелділіктен сақтандырып, қорғай алатынымызға сенімдімін», - деп қорытындылады Дәурен Көбеев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дәурен Көбеев #есірткісіз болашақ #Алматы полициясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);