Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда еріктілерді цифрлық есепке алу жағы қолға...

Алматыда еріктілерді цифрлық есепке алу жағы қолға алынады

Барлығы 29.01.2026, 12:30 186
Алматыда еріктілерді цифрлық есепке алу жағы қолға алынады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2026 жылы Алматы жастарды еріктілік қызметке тартудың осы заманғы цифрлық тәсілдеріне де жүгіне бастайды. Яғни, геймификация элементтері қолданысқа еніп, еріктілер цифрлық есепке алынады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек осылай деді. 

Спикердің айтуынша, еріктілер инфрақұрылымын дамыту мен замандық цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше көңіл бөлінгелі отыр. Қазіргі таңда Алматы еріктілер фронт-кеңсесі 58 мыңнан астам еріктінің басын қосып отыр, 2025 жылдың өзінде 2 мыңнан астам қалалық іс-шараға қолдау көрсеткен. Бұл еріктілер қозғалысының ауқымы үлкен екеніне дәлел.

«Біздің басты міндетіміз – еріктілікті бір реттік акция қылмай, жастарды дамытатын, оларды қала өміріне кіріктіретін бастамаға айналдыру», – дейді.

Атап айтқанда, қалада волонтерліктің цифрлық моделі енгізіледі. Оған қатысатын әр адамның мәртебесі, жеке статистикасы, миссиялары мен жетістіктері көрсетілетін еріктілердің цифрлық паспорты қалыптасады. Сонымен қатар Volu-Coins атты ынталандыратын валюта енгізу де жоспарланып отыр. Бұл валютаны жабық іс-шараларға қатысып, бренд өнімдер алып, қоғамға белілі адамдармен кездескенде пайдалануға болады.

Үздік еріктілер қалалық рейтингтерге енгізіліп, стратегиялық жобаларға қатысады. Арнаулы визуалды цифрлық карта еріктілердің жұмысы мен бастамаларға қатысуды көрнекі түрде бақылауға мүмкіндік береді.

2026 жылы Алматыда «Almaty Volunteers 2026» лендингін іске қосып, жастар алаңдарында қалдықтарды сұрыптау пункттерін ашу, Еріктілер академиясының жұмысы, жазғы көшбасшылық лагерь өткізу мен Volunteer Skills Map цифрлық картасын енгізу де межеленген. Еріктілер орталығының бірыңғай жұмыс стандартын әзірлеп, верификация тетіктерін енгізіп, ерікті мәртебесін дамыту бойынша ұсыныс та әзірленіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еріктілер орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика