Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда Ербол Сыпатаевтың 60 жылдығына арналған «...

Алматыда Ербол Сыпатаевтың 60 жылдығына арналған «Қазақ күресі» турнирі өтті

Спорт 30.11.2024, 14:49 1,097
Алматыда Ербол Сыпатаевтың 60 жылдығына арналған «Қазақ күресі» турнирі өтті
Қайрат Қонысбаев

Алматы қаласында студенттер арасында «Қазақ күресі» бойынша турнир өтті.

Бұл шара Қазақстанның патриоты, желтоксан оқиғасына қатысушы Ербол Сыпатаевтың 60 жылдығына арналды. Спорттық шара «ЦСКА» спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған қаладағы 20-дан астам оқу орнының студенттері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Турнирдің ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл іс-шара Қазақстанның ұлттық дәстүрлерін сақтап, мәдени мұрасын дәріптеуге үлкен ықпал етпек. 

«Қазақ күресі» турнирі тек спорттық жарыс қана емес, ол Ербол Сыпатаев сынды ұлт мақтанышы болған тұлғаның ерлігі мен патриотизмін жастарға үлгі ету мақсатын да көздейді. Мұндай іс-шаралар жастардың бойында ұлттық рухты қалыптастырып, олардың бойында патриоттық сезімді нығайтуға зор ықпал етеді, — деді халықаралық қоғамдық «Жанашыр» қорының басшысы Жаныл Апетова.

Турнир барысында қатысушылар күш сынасып, өз шеберліктерін көрсетіп, қазақ күресінің дәстүрін сақтауға және оны дамытуға үлкен үлес қосты. Барлығы 200-ден астам студент жарысқа қатысып, 3 салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды. Әрбір жекпе-жек өте тартысты өтті, ал көрермендер қызығушылықпен әртүрлі шайқастарды тамашалады. Жарысқа қатысушылар өздерінің физикалық мүмкіндіктері мен күш-жігерін сынап, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар арнайы медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал, жүлдегерлер қатарына кірмеген, бірақ жарысқа белсене қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен кішкентай сыйлықтар табыс етілді.

Турнирдің құрметті қонақтары ретінде Ербол Сыпатаевтың сыныптастары, ауылдастары, жақындары мен соңғы уақыттарында бірге болған достары қатысты. Сондай-ақ, желтоқсаншылар ұйымының жетекшілері де шараға қатысып, Ербол Сыпатаевтың есімін мәңгілікке ұлықтау мақсатында сөз сөйледі.

Бұл маңызды шараны ұйымдастырушы — халықаралық қоғамдық «Жанашыр» қоры Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ербол Сыпатаев #Қазақ күресі #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика