AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда енді криоабляция қолжетімді болмақ

Алматыда енді криоабляция қолжетімді болмақ

Әлеумет 03.03.2026, 09:34 229 Сұлу
Алматыда енді криоабляция қолжетімді болмақ

Алматыда криоабляция қолжетімді бола түсті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Кардиологиялық орталығы жүрек ырғағы бұзылған науқастарға көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің аясын кеңейтті. Серіктестердің қолдауымен орталық жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерге криоабляция жасау үшін екінші криобаллон консольін өтеусіз пайдалануға алды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Орталықтың аритмология бөлімінің меңгерушісі Артур Әбдімомыновтің айтуынша, жүрекшелер фибрилляциясы мегаполисте ғана емес, бүкіл ел бойынша ең жиі кездесетін жүрек ырғағы бұзылыстарының бірі. Ол инсульттің, жүрек жеткіліксіздігінің дамуына және тұрмыс сапасының төмендеуіне әкелетін негізгі қауіп факторларының қатарына жатады.

Жүрекшелер фибрилляциясы жүректегі ретсіз электрлік белсенділікпен сипатталады. Соның салдарынан жүрек соғысы тұрақсыз әрі жиілеп кетуі мүмкін. Аталған дертті емдеудің заманауи әрі тиімді тәсілдерінің бірі – криобаллондық абляция. Бұл патологиялық импульс көздерін арнайы салқындату әдісі арқылы оқшаулауға бағытталған аз инвазивті процедура.

Артур Әбдімомыновтың айтуынша, 2025 жылы орталықта шамамен 170 криобаллондық абляция жасалған. Екінші консоль іске қосылғаннан кейін 2026 жылы мұндай емдеу санын екі есеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейтіп, ота кезегін қысқартуға мүмкіндік береді.

«Техникалық мүмкіндіктердің артуы жүрек ырғағы бұзылған науқастар саны жыл сайын көбейіп отырған мегаполис үшін аса маңызды. Ота көлемінің ұлғаюы емді дер кезінде жүргізуге, асқыну қаупін азайтуға және пациенттердің тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады. Барлық ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылады және Қазақстан азаматтары үшін тегін», – деді аритмолог.

Орталық өкілдерінің айтуынша, фибрилляцияны емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу мен кеңейту – қаланың кардиологиялық қызметін жүйелі дамыту және пациенттердің игілігі жолында бизнес-қоғамдастықпен серіктестікті нығайтудың нәтижесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 16:46

Никос Христодулидис Астанаға сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын жеткізді

Бүгін 16:44

Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 16:25

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

Бүгін 16:20

Алматы әкімі Испания Елшісімен инвестициялық және туристік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);