Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ең ірі уақытша сақтау технологиялық қойма...

Алматыда ең ірі уақытша сақтау технологиялық қоймасының құрылысы аяқталып келеді

Әлеумет 07.12.2023, 10:56 948
Алматыда ең ірі уақытша сақтау технологиялық қоймасының құрылысы аяқталып келеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы ең ірі қойманың базасында автокөлікке техникалық қызмет көрсету саласындағы мамандар даярлау үшін оқу орталығы ашылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында және Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде  Д. Қонаев атындағы өндірістік кооператив аумағындағы алаңы 30 га «А» класындағы заманауи қойма құрылысының барысымен танысты. Жаңа нысан ірі жүктерді уақытша сақтауға арналған және 20 мың шаршы метр қоймасы бар кешен болып табылады. Қазір салынып жатқан уақытша сақтау қоймасы – мегаполистегі ең ірі инвестициялық жоба. Оның ерекшелігі, Еуро стандартқа сай барынша жарақтандырылуында: уақытша сақтау қоймасында автоматты өрт сөндіру жүйесін енгізіледі, автономды жылыту және кондиционер, сонымен қатар, электр қуатының баламалы көзі ретінде күн батареяларымен қамтамасыз етіледі. Нысанның барлық аумағында заманауи жарықтандыру аспаптары орнатылып, жеңіл және жүк көлігіне арналған алаңдар көзделген. 



Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров қала басшысына 2022 жылдың наурыз айында басталған қойманың құрылысы аяқталғанын баяндады. Жұмыс 98%-ға бітіп, шатыр монтаждалып, ғимарат сейсмикалық күшейтілді, ішкі әрлеу, инженерлік желілерді жүргізіліп, асфальт төсеу арқылы аумақ абаттандырылды. Нысанды биыл желтоқсан айында толық көлемде аяқталады. Жобаның бірінші кезеңіне 7 млрд теңге инвестиция салынған. 



Қазіргі уақытта Алматыда «А» класты қоймалар 99,2% жүктелген. Жаңа уақытша сақтау қоймасының жүктемені қайта бөлуге және логистикалық қарым-қатынастарды қайта құруға мүмкіндік береді. Бүгінде қойма инвесторлары «Komatsu» құрылыс техникасының әлемдік өндірушісі, спорт тауарларының ірі сатушысы «Спортмастер» мен «Тойота моторс» және уақытша сақтау қоймасының базасында орналасқан оқу орталығы сынды белгілі брендтермен келісімге отырды. Осылайша, қойма аумағында Қазақстанның барлық өңіріндегі сервис орталықтардың шеберлері оқытылады. Бұл мамандарға ешқайда бармай-ақ біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұрын мұндай мүмкіндік тек Санкт-Петербургте болатын.



2024 жылы уақытша сақтау қоймасының жобасын кеңейту жоспарланған – ауданы 25 мың шаршы метр екінші қойма салынады. Инвестиция көлемі де 7 млрд теңге. 


Ерболат Досаев аудан әкіміне нысандар құрылысының барысы мен сапасын, сонымен қатар, барлық қажетті стандарт пен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бақылауды тапсырды. Қала басшысы бұл өндірістік қойма қаланың қоймалық жылжымайтын мүлікті дамыту нарығындағы бірегей алаңға айналатынын атап өтті. Оқу орталығы өз кезегінде автокөліктерге техникалық қызмет көрсету саласында жоғары білікті кадрларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру 70 жұмыс орнын қамтамасыз етуге, қала бюджетіне түсетін салық түсімдерінің көлемін арттыруға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика