AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ең ірі аурухананың қабылдау бөлімінің жаң...

Алматыда ең ірі аурухананың қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты ашылды

Медицина 29.12.2022, 12:14 1,751 Almaty-akshamy
Алматыда ең ірі аурухананың қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты ашылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қабылдау ғимараты жаңа санитарлық ережелерге, триаж аймағының нормаларына сәйкес келеді


Бүгін №7 қалалық клиникалық ауруханада операциялық бөлімшесі бар қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты ашылды. Оған Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа қабылдау бөлімі шамамен 2 000 шаршы метр аумақты қамтиды (ескі қабылдау бөлімінің аумағы 1 264 ш.м. болған).



«Егер ескі қабылдау бөлімі тәулігіне 300 науқас қабылдаса, қазір бұл көрсеткіш 500 адамға дейін өсті. Қабылдау бөлімінің қызметкерлері жылына 100 000 науқасқа тәулік бойы көмек көрсететін болады. Қабылдау бөлімі әлемде қабылданған ең жоғары заманауи стандарттарға сай салынып, жабдықталған. Атап айтқанда, заманауи емдеу-диагностикалық құрал-жабдықтармен оның ішінде КТ, рентген аппараты, ультрадыбыстық аппараттар, бейнефиброгастроскоп, анестезия және тыныс алу аппараттарымен және т.б. жабдықталған. Одан бөлек, операциялық бөлмелер, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшелері бар», - дейді Иран Шәметеков.



Сондай-ақ мұнда автономды желдету жүйесі, бактерицидтік сүзгілер, операциялық бөлімшеге арналған тәуелсіз желдету жүйелері, жылыту және ауаны баптауы бар реанимация бөлмелері мен қарқынды терапия бөлімдері бар.


Жаңа қабылдау бөлімінде пациенттер үшін максималды ыңғайлылық пен құпиялылық үшін барлығы бар.


Жедел травматология бөлімшесіне жеке кіреберіс бар, онда жол-көлік оқиғасы, өндірістегі жазатайым оқиғалар және т.б. салдарынан ауыр жарақат алған көптеген науқасқа бір уақытта білікті көмек көрсетіледі.



Қабылдау ғимараты жаңа санитарлық ережелерге, триаж аймағының нормаларына сәйкес келеді. Триаж жүйесіне сәйкес қабылдау бөлімі қызыл, сары және жасыл аймақтарға бөлінеді, олар тиісті түсті бағыттауыштармен белгіленген.


Сонымен қатар, бөлімше аурухананың негізгі кіреберісінен бөлек, негізгі жолға жақын және жедел жәрдем көліктерінің еркін кіруі және шығуы бар, мүгедектер арбасына арналған пандуспен қамтамасыз етілген оңай қолжетімді жерде орналасқан.


Иран Маратұлы атап өткендей, жаңа 2023 жылы тұрғындардың жаяу жүру қашықтығы аясында білікті медициналық көмек алуы үшін медициналық ұйымдардың бірқатар жаңа нысандарын ашу жоспарланған. Мәселен, жаңа жылдың бірінші тоқсанында Әуезов және Жетісу аудандарындағы «Мамыр» және «Кемел» отбасылық дәрігерлік амбулаторияларын пайдалануға беру, сондай-ақ Алматы қаласы Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығының кеңейтімін пайдалануға беру жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аурухана #Жаңа клиника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);