AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда емханалар жанында 14 жастар денсаулық орт...

Алматыда емханалар жанында 14 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді

Барлығы 04.09.2025, 11:06 649
Алматыда емханалар жанында 14 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді
Алматы әкімдігі

Алматыда 14 медициналық ұйым жанынан жастар денсаулық орталығы ашылды. Мұнда 10 бен 29 жас аралығындағы қала тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасында хабарлады.

Мұндай орталықтардың негізгі міндеті – жасөспірімдер мен жастарға дәрігерлер мен психологтардан кеңес алуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге, салауатты өмір салты туралы білім алуға мүмкіндік беретін сенімді орта қалыптастыру. Мұнда өтініштердің құпия түрде қарастырылуына кепілдік беріледі.

Репродуктивті денсаулыққа, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға және отбасыларға психологиялық қолдау көрсетуге баса назар аударылады. Жеке консультациялардан басқа мамандар тренингтер, семинарлар, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.

№36 қалалық емхана жанындағы «Салауатты жастар» орталығы сондай табысты жобалардың бірі. Былтыр ғана бұл орталықтың қызметін шамамен 2,5 мың алматылық пайдаланған. Оның базасында құрылған еріктілер клубында Наурызбай ауданының оқушылары топпен жұмыс істеуді, көшбасшылықты және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды үйренеді. 

«Бұрын дәрігерге сұрақ қоюға қымсынатынмын. Ал бұл орталықта өзімді еркін сезінемін. Мұндағы мамандардың бәрі ашық-жарқын. Әңгімелесіп, сырласуға да болады. Бұл маған үлкен қолдау береді», – дейді орталыққа келуші жастың бірі. 

Айта кетейік, жастар денсаулық орталықтары №4, 5, 7, 11, 12, 16, 23, 26, 29 және 36 қалалық емханаларда, сондай-ақ, Медеу аудандық ҚПМСК-де, «Almaty clinic» медициналық орталығында, ҚАҰӨО мен «Медсервисхирургияда» жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарға жасөспірімдер мен жастар тіркеуіне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан жүгіне алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медициналық орталық #жастар #денсаулық орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);